Weekend
Кино жиі көретіндер үшін
Байқасаңыз, адамдар рахаттану, дем алу, босаңсу мақсатында кино көруді құп көреді. Бұл нәрсе күйбең тіршілікті ұмыттыратын таптырмас шешім секілді. Солай екендігін растаймын да. Алайда сіздің миыңыз кино көру барысында босаңсып, дем алмайды.
Керісінше, киноның жанрына байланысты миыңызда түрлі есіктер ашылады. Мәселен, қорқынышты кинолардың көрермені болсаңыз, тек миыңыз ғана емес, жүрегіңіздің дамылсыз жұмысына куә боласыз.
Қорқынышты кинолар ағзамызда жүрек соғысы мен қан қысымын күшейтетін және тердің пайда болуына әкелетін химиялық заттарды өндіреді. Маңызды факт, осы жанрдың көрермендері аз ауырып, ұзақ өмір сүреді деседі.
Детектив, триллер жанры осы іспеттес. Дегенмен, мұнда күш барынша миға түседі. Яғни, кино барысында "қалай, неге, т.с.с" сұрақтарға жауап іздеуде боласыз.
Ал қиын проблемаларды ұмыттырып, көңіл-күй көтеру мақсатында комедия жанрын алсаңыз болады. Мәселенің бәрі ағзамыздағы қуаныш гормоны – эндорфинде. Ол күлкіні тудырып, көңілсіздік пен ашуды кетіреді. Сонымен қатар, көптеген зерттеулер бойынша, күлкі имундық жүйемізді күшейтеді екен. Ол ағзамызды вирустар мен бактериялардан қорғайтын антиденелердің пайда болуына септігін тигізеді және қабынумен және тіпті онкологиялық аурулармен күресетін лейкоциттер санын ұлғайтады.
Киноны да дұрыс таңдай білейік!