Woman
Қыз өссе, елдің көркі
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақ халқы "қыз" деген сөздiң өзiн әдемiлiктiң, әдептiлiктiң, инабаттылықтың, сұлүлықтың белгiсi деп таныған. Халқымыздың халық аүыз әдебиетiнде көптеген ақындарымыз қызға деген көптеген керемет сүреттемелер берген.
Мысалы:
Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлiлiгiн, сүйкiмдiлiлiгiн, жанының нәзiктiгiн, өнер-бiлiмге бейiм тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін нақыл сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: "қыздың жиған жүгiндей", "қыздың тiккен кестесiндей", "қыз елдiң көркi, гүл жердiң көркi", "жақсы қыз-жағадағы құндыз", "ырыс алды - қыз", т.б.
Халық арасында бөйжеткен қыздың ажарына қарай: әдемi қыз, көрiктi қыз, шырайлы қыз, әсем қыз, сұлү қыз, ажарлы қыз, арү қыз деп бөлген.
Олардың сипаттамалары: әдемi қыз-бәппен сөйлеп, биязы күлiп, жақсы-жаманның жөнiн бiлiп тұратын қыз;
Көрiктi қыз - iстесе үйiрiп, сөйлесе бұйырып, баүрап алатын, өзi бiрден көзге түсе қоймайтын қыз;
Шырайлы қыз - көз жанары өткiр, бет-әлпетi бал-бұл жанған, тәнi шымыр қыз;
Әсем қыз - жүзi жылы, өзi ұяң, тәнi нәзiк қыз;
Сұлү қыз - сөзi өткiр, өзi пысық, өрескелдiктi сүймейтiн, болмашыға пiсiп күймейтiн, келбеттi қыз;
Ажарлы қыз - дене бiтiсi жинақты-тығыршық, сөзi салмақты, iсi тиянақты қыз;
Арү қыз - бет пiшiнi, дене мүсiнi келiскен, сөзi сыпайы, өзi әдептi, сұңғақ бойлы, терең ойлы қыз.