Экономика

Министр: Көмір бағасы арзандады

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек көмірдің арзандағанын мәлімдеді

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оның айтуынша, биыл көмірдің бағасын арзандатуға қатысты жүздеген меморандумға қол қойылды. 

Осының нәтижесінде жылыту маусымы аяқталғанша Шұбаркөлдің көмірі 15-20 процентке, ал Қаражыраның көмірі 6 процентке арзандап отыр.

«Мәселен, Алматы облысында Шұбаркөлдің көмірі 3 100 теңгеге немесе 21 процентке төмендеді. Қаражыра көмірі 1 000 теңгеге немесе 5-6 процентке арзандады. Қостанай облысында Шұбаркөлдің көмірі 2 950 теңгеге, ал Қаражыраның көмірі 800 теңгеге төмендеді. Сол сияқты Астанада Шұбаркөлдікі 3 000 теңгеге арзандаса, Қаражыраныкі 800 теңгеге түсті», - деді Ж.Қасымбек.

Айта кетейік, бүгінде xалыққа жеткізілетін көмірдің басым бөлігі - Шұбаркөл мен Қаражыраның шикізаты. Шұбаркөлдің көмірі Шығыс Қазақстан облысынан басқа барлық өңірлерге жеткізілсе, Қаражыраның көмірі Қарағанды облысынан басқасынан барлығына сатылады.  

Дереккөз: inform.kz