Саясат

Түркия НАТО-ның Балтық елдеріне арналған қорғаныс жоспарына қол қоюдан бас тартты

Одақтастарын Сирияның күрдтерін «террорист» деп атауға шақырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Анкара егер НАТО одақтастары Сирияның солтүстігіндегі күрдтер басқарған жасақтарды «террористік топ» деп мойындамайынша, Балтық елдері мен Польша үшін ұсынылған қорғаныс жоспарына қол қоюдан бас тартатынын айтып НАТО-ны бопсалады, деп хабарлады "RT.COM" сайты.

БасылымдаШығыс Еуропа елдері үшін НАТО-ның жаңа қорғаныс жоспарымен келісу формальдылықтан шынайы дипломатиялық шайқасқа ұлғайғаны айтылды.

- Түріктер Шығыс Еуропадаадамадардыбарымтаға алуда және әскери келісім жоспарын қабылдауға кедергі келтіруде, - дейді дереккөздердің бірі.

"Түркия өз елшісіне НАТО-ның барлық мүшелері бірауызданСирияның Халықты Қорғау Бөлімшелерін (YPG) террорист деп танығанға дейін одақмақұлдауы керек болған жоспарға қол қоймауға нұсқау берді" деп жазды басылым.

Халықты Қорғау Бөлімшелері (YPG) - соңғы кезде түрік шабуылының нысанасына айналған Сирия Демократиялық Күштерінің (SDF)  негізгі тобы болып табылады. Бұл топ ұзақ уақыттан бері АҚШ-тың одақтасы болып келеді және Ислам мемлекетіне (ISIS) қарсы соғысқан, бірақ Анкара мұны заңсыз Күрдістан жұмысшы партиясының (PKK) филиалы деп санайды. Ал АҚШ пен Түркия бір ауыздан Күрдістан жұмысшы париясын (PKK) террористік ұйым деп санайды.

Польша мен Балтықтың Эстония, Латвия және Литва қатарлыүш еліНАТО-дан қаржыландыру мен әскери қатысуды ұлғайтуды көздейді, бірақ олардың Ресейдің шапқыншылық қаупімен бетпе-бет келіп жатқандығы туралы ешқандай дәлел жоқ.

Қорғаныс жоспарының тығырыққа тірелуі НАТО-ның Лондонда өтетін 70-жылдық саммитінде жоспарланған мерейтой іс-шарасына зиян келтіреді. Алайда Анкара бұл жоспарды Еуропалық Одақ шарттарын орындаған  жағдайда ғана мақұлдайтынын білдіруде.

- Әркім оларды (түріктерді) сынға алуда, бірақ егер олар түріктердің шартымен келіссе, олардың Сирия стратегиясына араласпауына тура келеді, - дейді дереккөздердің бірі.

Егер Түркияның бір беткей ұстанымы расталса, НАТО-ның қыйыншылыған күшейте түсері анық. Өйткені АҚШ президенті Дональд Трамп одақ мүшелерін бюджет міндеттемелерін орындамағаны үшін бірнеше рет сынға алған болатын. Себебі, НАТО-ға мүше 29 елдің Полша мен Балтық елдерін қамтыған тек жетеуі ғана ішкі жалпы өнімінің кем дегенде екі пайызын әскери мақсатқа жұмсайды, ал Түркия ол жеті елдің ішінде жоқ.

Алайда Түркия одақтағы екінші үлкен әскери күш болып табылады, оның үстіне маңызды стратегиялық орынға ие. Түркия арқылы Ресей мен Таяу Шығысқа тікелей қатынауға болады.

Түркия Трамптың АҚШ әскери күштерін Сириядан шығаруын «Бейбітшілік көктемі» операциясын бейбіт түрде мақұлдау ретінде қабылдаған болуы мүмкін, бірақ Вашингтон күрдтер басқаратын Сирия жасақтарын өздерінің «одақтасы» деп есептейді және Анкараны бірнеше рет Сирия Демократиялық күштеріне (SDF)қарсы шабуылда ұстамдылық танытуға шақырды.