Экономика
22-ден 16%-ға дейін
Ақ үй НАТО-ға төлемдерді азайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы сәрсенбіде CNN АҚШ қорғаныс министрлігі мен одақтағы ақпарат көздеріне сілтеме жасай отыра хабарлайды.
Олардың айтуынша, осы уақытқа дейін НАТО бюджетінің шамамен 22%-ы Америка Құрама Штаттары бөлген қаражат болған. Ел билігі бұл көрсеткішті 16 пайызға дейін түсіргісі келеді.
Дереккөздердің бірінің хабарлауынша, Вашингтон үнемделген қаражатты Еуропадағы бірқатар қауіпсіздік бағдарламаларын қаржыландыруға бағыттайды. Олардың ішінде Украина мен Грузияға қатысты бағдарламалар да бар.