Саясат
Қазақстандағы жол апаты
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Жол полициясы комитеті мамандарының айтуынша, әрбір жетінші жол апаты республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарда тіркелген. Автомобиль апатына көбінесе, жол сапасының нашарлығы себеп деп санайтындар да жиі кездеседі. Мұнымен келісуге тура келеді. Мәселен, Қазақстан жол сапасы жөнінен әлемде 140 елдің ішінде 117-ші орында екен. Бұл тізімде Ресей 136, Қырғызстан 139 орынға табан тіресе, жолы тақтайдай тегіс елдердің көшін Франция бастап тұр. Еліміздегі жолдардың 33 пайызының сапасы өте нашар екенін "Көлік және коммуникация министрлігі" өкілдері де растайды.
Қазіргі күні ел аумағы бойынша жол апаты жиі тіркелетін он алты қауіпті аймақ та анықталыпты. Бүгінге дейінгі апаттың 30 пайыздан астамы осы жолдарда тіркелген. Оның ұзындығы республика тас жолының 7 пайызына тең екен. Бір ғана мысал, біздегі «Астана – Теміртау» бағытындағы тас жол өткен ғасырдың 70-ші жылдарында салынған. Ол кезде бұл жолмен қазіргідей тәулігіне 3500 көлік жүріп өтетіндігі ескерілген жоқ, әрине. Қазір бұл жол өз мүмкіндігінен артық жүктемемен жұмыс істейді. Міне, осылайша, жол сапасының уақыт өлшеміне сай келмеуі де жол-көлік оқиғаларының көбеюіне себеп болады.
Көлікті мас күйінде жүргізген адам бірінші рет ұсталса, ол 3 жылға дейін көлік жүргізе алмайды. Бұл жағдай екінші рет қайталанса, 6 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады және 15 тәулікке қамауға алынады. Ал үшінші рет қайталанған жағдайда осы азамат 10 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылады және 30 тәулікке қамауға алынады.
Сонымен қатар көлік жылдамдығын белгіленген жылдамдықтан 40 шақырымға дейін арттырғандарды жүргізу куәлігінен айыру жазасын депутаттар 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлға ауыстырды.
Статистикалық мәліметтерге сүйенснек, ТМД және Еуропа елдерінің арасында көлік апатының көрсеткішінен Қазақстан көш басында тұр. Жылына шамамен 3 мыңнан астам адам қаза тауып, 30 мың адам мүгедек болуда. 2018 жылы 3 ай ішінде 3047 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4314 адам зардап шеккен. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 2,4%-ға азайған.
«Қазақстан жолдары жыл сайын 3 мыңнан аса адамның өмірін жалмауда. Тағы 3,5 мың адам жарақат алады. 2018 жылдың алты айында елімізде 6703 жол қозғалыс оқиғасы болған, 780 адам көз жұмған. Апатты жағдайдың басым көпшілігі Алматы мен Алматы облысында тіркелген. Тас жолда қайғылы жағдайдың орын алуының басты себептері қарсы бетке шығып кету, ал қалада бағдаршамның қызыл түсіне өту, бұрылыста жылдамдықты сақтамау болып отыр», - дейді «Ортак жол» жол козғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының бас хатшысы А. Алексеев.
(https://baq.kz/kk/news/okiga/kazakstan_zhol_apati_boiinsha_alemde_algashki_orinda20181119_140100)
Қазіргі уақытта көптеген ірі қалаларда көліктің жылдамдығын анықтап отыратын әр-түрлі тексеру құрылғылары орнатылған. Сол құрылғының көмегімен жол ережесін бұзған көліктің жылдамдықты қалай асырғанын көріп, тез арада оның номерін, түр-түсін, кімнің атына меншіктелгенін анықтап алуға болады. Ондай құрылғылар жол тексерушілерге үлкен көмек десек те болады. Кей кездері көлік апаттары кептелістің себебінен де болып жатады. Бір жерге асыққан жүргізуші қаптаған көліктің кезегі мен бағдаршамның жанғанына шыдам таныта алмай, ережеден тыс жерлермен жүріп немесе жылдамдықты асырғандықтан бір-біріне кезек бермей апат жасап жатады. Жоғары жақтағылар бұны да ескеріп, көлік көп жүретін көшелерді кеңейту шараларын жасауда. Сонымен бірге айналмалы көрірлер де салынып жатыр. Мұның өзі көлік жүргізушілерінің тез қозғалуына жол ашады.
Жол қауіпсіздігін сақтау үшін тиісті органдар қолдан келгеннің бәрін жасауда. Оның қаншалықты тиімді болатынын алдағы уақытта көре жатармыз. Дегенмен көлікті асығыс айдап жарысамын деп, мезгілден ерте жан тапсырып кетпейік.
Қатарымнан қалмай көлік мінемін деп жүріп, көрерімізден айырылып қалмайық. Абай болыңыз, жүргізуші!