Weekend
Біз газет оқымауды қойып, қорлауды қолға алдық па?
Жақсы кітап оқу тылсым дүниеге еніп, ұлы тұлғалармен тілдесу болса, жақсы ақпарат алу мәліметтін анығын, сөздін асылын санаға сіндіру. Бұл күндері ақпарат алудын алуан түрі бар. Бірі ғаламтор желілерін жөн көрсе, бірі теледидарды таңдайды. Ақпаратты айшықтап анығын һәм ақиқатын жазатын газет екені анық. Маңызды мәліметтер, мазмұнды мақалалар жарық көретін газеттін жайы жан жылытпайтыны жалған емес. Осы сөзіме дәлел болған, бүгінгі мектепшілік күзгі кештегі көрініс...
Сылқым сұлулар сәнді көйлек киіп, сахнада сайран құрып жүр. Бірі қарапайым қораптан жасаса, бірі ақ жіптен көркем көйлек кестелеген. Осы сәтте көзіме газеттен жасалған көйлек түсті, Алты Алашқа қажет алуан ақпарат, алты қыздың аяғынын астында кетіп барады. Газетке көміліп жатқан көйлекке көз салсам, кілең керемет ойлар, келісті сөздер.
"Газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі" деп алаштың асыл азаматы Ахмет Байтұрсынұлы сөз қалдырған. Халықтың қайғы қасіретіне қамығып, мерейлі мерекесіне қуанатын ол газет. Төрткүл дүниенін жаңалығы төрт бетке сыйған газетті төмендетіп табанға таптап тастағанымыз рас. Біз газет оқымауды қойып, қорлауды қолға алдық па?
Газетті қорлау бір ұлттың болашағына балта шабу. Газетті қорлау - кешегі "Қазақ" газетінін негізін салған, ұлт зиялылары, мемлекет мақтаныштары Ахмет пен Міржақыпты қорлау. Газетті қорлау орамды ой айтып, ортасынан оза шапқан, орақ тілді Оралхан Бөкейді қорлау. Газеті қорлау әлемдік әдебиеттін шыңына шыққан шебер жазушы Әбіш Кекілбайды қорлау.
Газетті қорлау - ақиқаттың алыбы, шыңдықтың шыңы Шерхан Мұртазаны қорлау. Газетті қорлау "Шерағаның шекпенінен" шыққан талай шәкіртті қорлау. Газет - жаңалықтың жаршысы, елдің айнасы. Мемлекетке мұра болатын мақалаларды мазақ ету азаматтығымызға сын, адамдығымызға нұқсан.