Weekend
Ал сіз бұл тізімге қандай орынды қосар едіңіз?
2018 жылғы деректерге сәйкес, тұрғыны шамамен 1 млн адам. Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда халық саны бойынша Алматыдан кейін екінші орынды алады. Шымкент қаласының аймағы жүздеген жылдар бойы көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған. Сонымен қатар, Шымкент Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірі. Қазақстанның үшінші мегаполисіне айналған шаһар жыл сайын көркейіп, түрлі өзгерістерге ұшырап жатыр. Жеткен жетістікері де аз емес. Көрікті жерлері де айтарлықтай. Ал бүгін Шымкенттегі 5 көрікті орын жайлы айтуды жөн көрдік.
Шымкенттің
көрікті орындарының бірі Бәйдібек би ескерткіші. Бәйдібек
би ескерткіші 2012 жылы Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдық
мерейтойына орай салынған болатын. Бәйдібек Қарашұлы – қазақ халқының атақты
биі және батыры. Бұл еліміздегі ең үлкен ескерткіштердің бірі. Ескерткіштің
биіктігі 10 метрді құрайды. Монументті орнату үшін Шымкент қаласының солтүстік
бөлігіндегі ең биік нүктелерінің бірі таңдалып алынған. Ал төстабанның, іргетас
пен ескерткіштің биіктігін қоса есептегенде 23 метрді құрайды. Салмағы 9 тонна
болатын мүсін 20 күнде дайын болған. Бұл мүсінді орналастыру үшін 40 жұмысшы
еңбек еткен. Автордың жоспарына сәйкес,
Бәйдібек би мүсіні ескерткіштің артында аумағы 42 гектарға созылып жатқан толық
этнотарихи музейдің негізі болады. Әзірлеушілердің ойынша, оның төңірегінде
ашық аспан астындағы этнотарихи мұражайлар жайғастырылады.
Шымкенттің тағы бір көрікті орны Жайлаукөл. Бұл орын тұрғындардың көңіл көтеріп қайту үшін жасалған таптырмас орын. Саябақта 22 түрлі аттракциондар бар. «Shymkent Altyn eye» (Шымкенттің алтын көзі) деп аталатын ТМД елдерінде биіктігі жағынан үшінші орын алатын, ал Орта Азия бойынша ең биік аттракционның бірі осы саябақта орналасқан. Биіктігі 50 метрді құрайтын аттракционның 18 кабинасы жазда салқындататын, ал қыста жылытатын жүйемен жабдықталған. 1 кабинаға 6 адам сияды. Айналып келу уақыты 15 минут. Жайлаукөл саябағы үзіліссіз жұмыс істейді. Яғни, таңғы сағат 10:00-ден түнгі 23:00-ге дейін ашық болады. Аттракциондардың бағасы да қарапайым халық үшін қолжетімді.
«Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы жылғы 24 наурызындағы №83 қаулысының негізінде құрылған. Саябақты құруға облыстық бюджеттен 650-700 млн. теңгедей қаражат бөлінді. Жалпы көлемі 117 гектар.
Қазақстан бойынша екі дендросаябағы бар олар: Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан. Шымкент қаласындағы дендросаябақ - ең алғашқы саябақ. Ол 1979 жылы орталық қоқыс үйіндісінен тұрғызылған болатын.
Ағаштар саны-500 мың-нан астам. Шөптесін өсімдіктер саны-1млн.360 мың.
Дендросаябақтағы тәртіп ережелері қандай?
дәрілік шөптерді жинауға;
от жағуға;
ағаштарды қырқуға;
аң мен құсты аулауға;
балық ұстауға;
демалған жерде тамақ қалдықтары мен күл-қоқысты қалдыруға болмайды.
Шымкент дендрология саябағы жер шарының түпкір-түпкірінен жинақталған ағаштарға бай. Көктерек, балқарағай, самырсын және магнолия ағаштарының көшеті егіліп, түрлі 584 өсімдік өсірілуде және де Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Мексика Штатынан әкелінген "қасқыр жидегі" ағашы өсуде. Дендрологиялық саябақтың аумағы фаунамен байытылды. 20 тиін, 4 елік пен теңбіл бұғы, 10 тауыс құсы орын салып, аумағы өңдеуден өткен көлге аққу, қаз, үйрек сияқты құстардың 22 данасы мен 20 мың дәумаңдай балық жіберілді.
Тәуелсіздік саябағы – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай салынған. Бұл қаланың ең көрікті жері және тұрғындар үшін де керемет орын. Саябақта «Ел бірлігі» монументі мен «Тәуелсіздік шежіресі» аллеясы орын тепкен. Шымкенттегі ең алғашқы «билейтін» субұрқақ осы саябақта ашылған.