Weekend

Ластанған кәрі Каспий

Еститін құлақ, сезетін жүрек болса, жетіп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі таңда Каспий теңізінің су ресурстары оның коммерциялық байлықтарының ішіндегі мұнайдан кейінгі екінші орынды алады. Теңіз ортасына лас ағынды сулардың төгілуіне байланысты тірі табиғаттың экологиялық тепе-теңдігі нашарлап, биологиялық сан алуандықтың сақталуына қауіп төніп, күлделі экологиялық мәселелер туындап отыр.

«ҚР 2005-2007 жж. арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасының негізінде жүргізілген зерттеулер бойынша, соңғы 100 жыл бойы Қазақстанда мұнай-газды игеру әсерінен Каспий аймағында экологиялық ахуал күрт өзгерген. Топырақтың ластануы, теңіз жағалауындағы әртүрлі мұнай амбарлары мен кен орындары, сондай-ақ танкер флоттары, Каспий теңізіне токсинді заттар арқылы ластаудың бірден-бір көзі болып табылады. Мұнай өндіру мекемелерінде ағынды суларды тиімді пайдалану (утилизациялау) жүйесінің жоқтығы, аймақта химиялық-токсиндік заттардан құралған өлі көлдердің пайда болуына алып келіп отыр.

Теңіздің басты ластаушысы, сөзсіз түрде мұнай болып табылады. Мұнаймен ластану теңіздің биологиялық тепе-теңдігіне қатты соққы береді. Себебі мұнай жайылмалары күн көзін өткізбейді, судағы ауаның жаңаруын азайтады және биологиялық өнімділік азаяды. Көбінесе мұнайдың улы қоспалары балықтың, теңіз құстарының қырылуына себеп болады, теңіз хайуандарының етінің дәмдік сапасына қарсы әсер етеді. Мұнаймен улану қаупі оның жиынтығының көбеюіне байланысты өрши түседі. Су ортасының токсикалылығы 1мг/м жиынтықталған кезде көрінеді. Кейбір аурулардыңтууынмұнаймен ластануға байланысты екендігін куәландыратын зерттеулер қатарыкөбейе түсуде. Қан аурулары Қазақстанның солтүстік    аймақтарында республикаға қарағанда 2-4 есе жоғары екен.

Сонымен қатар, аймақта басты экологиялық проблемаларды атап өтуге болады:Қошқар-Ата қалдық сақтау қоймасының проблемасы, онда 105 млн тонна улы және радиоктивті қалдықтар сақталады. СКЗ және ХГМЗ зауыттарының толық тоқтап тұруына байланысты 1988 жылдан бастап ағынды сулар ағызылып жіберілмейді. Сұйық фазаның деңгейі төмендеуде. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 77км жер тазартылып, көлемі 30км жағажайлар пайда болды. Қалдық сақтау қоймасы жөніндегі проблемалық мәселелерді шешу үшін миллиондаған қаражат қажет.

- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғалымдары, қалдық қоймасының жақын жердегі елді мекендердің экожүйесіне әсерін зерттеу мен бақылау жасау мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Яғни, бірінші кезекте «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасының жақын аумақтағы экожүйесіне әсері және қалдықтар қоймасының жақын аумақтағы тұрғындардың денсаулығына экологиялық-генетикалық әсерін бағалап көрген. «Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, санитариялық аймақ ішінде өмір сүретін кеміргіштердің дезоксирибонуклеиндік қышқылы мен хромосомдарына теріс әсері анықталған, - дейді  Серік Сағынбаев.

Одан соң БН-350 реакторлық зауытының істен шығуы, оны радиациялық қауіпсіз жағдайға келтіру. Каспий теңізінің Солтүстік теңіз қайраңында мұнай операцияларын жүргізу және Каспий теңізінің теңіз қайраңын игеру кезінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәселелерді шешудегі негізгі проблемалардың бірі – толыққанды экологиялық мониторингтің болмауы.   

Осы орайда, экологиялық «Байтақ болашақ» альянсының төрағасы Азаматхан Әміртайдың сөзін тілге тиек етуге болады: «Елбасымыздың «Жасыл экономика» жобасы қағаз жүзінде қалмауы керек. Қаланы көгалдандыру жүйесін жыл сайын арттырып отыру қажет. Зауыттарға жапондық фильтр орнатса, келер зиянның аз да болса кемитіні анық. Экономика мен экология арасында тепе-теңдік орнатылмаса, оның зардабы орасан болары сөзсіз. Себебі бүгінгі уақытта қалайда экономикалық көрсеткіштерді арттырамыз деп, ертеңгі күнде табиғат ананың қаһарына ұшырап жүрмейік. Табиғатта шексіз нәрсе жоқ. Сондықтан қай нәрсенің болмасын тепе-теңдігін сақтап отырған абзал. Атырау қаласы біреулер үшін вахталық мекен болар. Ал жергілікті халық үшін туған өлкесі. Туып-өскен жерінде еңбек етіп, ұрпақ өсіріп отыр. Олар болашағына алаңдаулы. Біз де бейжай қарай алмаймыз. Бұл өлкенің экологиялық мәселелері турасында үлкен бастаманы қолға алдық.Барлық құқықтар сақталған», - деп жұмыс жасауға кіріспекші.

Каспий теңізінің қорғау жөніндегі негіздемелік Конвенцияға қосылып, 2005 жылы 13 желтоқсанында оны ратификациялап, 2006 жылдың 12 тамызында заң күшіне енгізілді.Сол сәттен бастап, Қазақстанның Каспий теңізінің қоршаған ортасының жағдайын мейлінше жақсартудағы жауапкершілігі өсті. Геология-минерология ғылымдарының докторы, академик Қ.Аманиязов өз сөзінде «егер теңіз экологиялық жағынан бүлінетін болса. Ондай жағдайда оның шығыны консорциум есебінен өндірілетін болсын» деген пікір айтты. Алайда бұл мәселе хақында шешім алынған жоқ. Тек консорциумның қорына 200 млн.доллардың бөлінгендігі, одан 20 млн. әлеуметтік салаға, 6 млн. мамандар дайындауға кететіні белгілі болды.

2017 жылы Ресейдің Астрахань қаласында Каспий сарапшылар клубының 11-ші отырысы өтті. Клуб мүшелері алдағы жоспарлармен бөлісіп, ұтымды ойлар айтты. «Әлем Еуразия» қоғамдық қорының жетекшісі Эдуард Полетаев, Астрахань өз әріптестерімен шекаралас аудандармен ғана емес, Каспий маңы елдерімен де өзара әрекеттесудің белгілі бір деңгейіне енетінін мәлімдеді. Бұл бастамалар – клуб жұмысының оң нәтижесі деуге толық негіз бар. «Келіссөздер аясында талқыланатын және болашақта талқылануы тиіс перспективалы бағыттардың бірі – Каспий маңы елдерінің туристік әлеуеті»десе, саясаттанушы Замир Каражановтың ойынша, Каспий проблемаларын талқылау кезінде қолданбалы сипаттағы мәселелер және теориялық сұрақтар бар екенін ескеру қажет. «Бұл жағдайда қолданбалы зерттеулер негіз болуға тиіс. Сарапшылар қауымдастығының жұмысындағы тағы бір мәселе – облыстың саяси элиталарының көптеген шешімдері тысқары қабылданады, ал зерттеушілерге көп жағдайда шынайы ақпарат жетпей жатады. Ол үшін Замир Қаражанов сарапшылар қауымдастығына арнапәлеуметтік желілерде пікірталас және өзекті сұрақтар талқылануы үшін арнайы «ресурс» ашуды ұсынды. Сарапшылар тарапынан елеулі жұмыстар күтілуде.

ҚР Журналистер Одағының мүшесі Нұрбол Оқуов: «Экологиялық ахуалды жақсартуға құзырлы органдар барын салуда. Десе де, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жергілікті немесе республикалық бюджеттен қыруар қаржыны жұмсау арқылы шешіле бермейтіні айдан анық. Өкініштісі сол, қоршаған ортаны қорғаудың орнына, қазір қорлайтындар көбейген заман болып тұр. Бір ғана Каспий мәселесін айтатын болсақ, теңіз жағалауын ластануына адамдардың өздері жол беріп отыр. Демек, бұл ретте ең алдымен ой-сананы түбегейлі өзгерту қажет. Мұны тек еститін құлақ, сезінтін жүрек болса жетіп жатыр». 

Еліміздің табиғатына көз тоймады – ау шіркін. Асқар таулары, өзен – көлдері, табиғи байлықтары мен кең даласы бар біз шынымен бақыттымыз. Демек, оны қорғау да біздің міндетіміз. Табиғатты қадірлеу қарапайым қоқысты тазалаудан басталады. Қазіргі таңда, тауға саяхаттаушылар қатары көп. «Су ішкен жеріңе түкірме» деген сөз бар. Демек, демалғаннан кейін қоқысты жинап кеткеніміз абзал. Қолымызда мүмкіндік бар кезде табиғатымызға нұқсан келтірмей, әлем елдеріне дәріптеуіміз керек. Табиғат пен адам арасы тығыз байланысты. Бір жұдырық астына жиналып, экологиялық проблемалармен күрескеніміз жөн.