Weekend

«STOP Экстремизм!»: Алматыда әлеуметтік байқау ұйымдастырылды

Алматыда «STOP Экстремизм!» байқауы өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда “STOP Экстремизм!” байқауы ұйымдастырылды. Байқау ұйымдастырушыларының ұстанымы - “Елімізде діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ!” Аталмыш байқауға 100-ден астам авторлар жұмыстарымен қатысты.

Дін - бүгінгі қазақ қоғамына, соның ішінде жасөспірімдерге әсер ететін негізгі күш. Көпұлтты мемлекетімізде бүгінгі күнде әртүрлі діндерді ұстанып жүрген адамдардың бар екені белгілі. Түрлі дін болғандықтан, адамдар арасында дінге деген әртүрлі көзқарастар қалыптасып жатады. Бүгінгі күнде қазақстандық қазақ жастар діни ағымдардың кері жағын дұрыс танымайтындай. Осы себепке байланысты, Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмге қарсы қазақ қоғамын қалыптастыру үшін “STOP Экстремизм!” әлеуметтік байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқау елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Аталмыш байқауға Қазақстанның барлық қалаларынан 130 авторлық бейнеролик қабылданған. Бұл байқаудың негізгі мақсаты – жастардың дінге деген көзқарастарын дұрыс қалыптастыру.

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің айтуынаша, бұл байқау, байқауға келіп түскен роликтердің арқасында адамдардың діни сауаттары ашылады, олар экстремизм дегеннің не екенін біліп, туыстар мен жақындарымызды содан сақтап қалу керектігін түсінеді. Сонымен қатар депутат бұл шараны жаңа стимул ретінде қабылдайтынын да айтты. Ол бұл байқауды жақсы “тренд” деп есептейтінін де жасырмады.

Байқауға 87 адамның қатысқанын үстінде айтып өттік. Әлеуметтік бейнероликтердің ішінен ең үздіктері таңдалып, жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың жүлде қоры - 1 500 000 теңге. Бұл қаржыны үздік бес қатысушы бөліп алды. Ең жақсы авторлық жұмыстар 3 номинация бойынша іріктелді. Олар: “Үздік әлеуметтік ролик”, “Үздік идея”, “Үздік режиссерлік жұмыс” номинациялары. Осы номинациялар бойынша жеңімпаздарға 700 000 теңге, 400 000 теңге, 300 000 теңгелік ақшлай сыйлық берілді.

Қазылар құрамында болған кинорежиссер Мирас Төлеухановтың айтуынша, олар автордың картина арқылы мағынаны терең жеткізе алуына аса назар аударған. Ол 130-дан астам жұмыс көргенін де айтып өтті. Кинорежиссердің айтуына қарағанда видео авторларына біраз шеберлік жағынан шыңдалу керек екен.

Марапаттау кезінде үздік шыққан кейбір бейнероликтер көрермеге көрсетілді. Алдағы уақытта байқауға қатысқан роликтер әлеуметтік желілерге жүктелетін болады. Биылғы байқауда Олег Хон, Әлинұр Шпекбаев, Сабина Тоқсанова, Рүстем Әлпи есімді қатысушылар “үздік” деп танылды.

“STOP ЭКСТРЕМИЗМ!” байқауының жүлдегері Рүстем Әлпидің айтуына қарағанда, байқауда жеңіске жету оның мақсаты болмаған. Басты мақсаты ішіндегі сезімді видео арқылы жеткізу болған. Ол басшылық тарапынан осындай байқаулардың жиі ұйымдастырылып тұрғанын қалайтынын айтты. Қатысушы бұл байқауды өте жақсы бастама ретінде санайды. Оның ойынша, зұлымдықты тек жақсылық жеңе алады.

Бүгінгі күнде халықаралық терроризм келтірген залалы бойынша адам баласының үлкен проблемасының бірі.

Аталмыш шара Алматы қаласының прокуратурасы мен арнайы қоғамдық қорлардың ұйымдастыруымен өтті.