Weekend

Шымкенттің көрікті мекені: Кең Баба саябағы жайлы не білеміз?

Туристке көмек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкенттегі көне ағаштарды көргіңіз келе ме? Онда «Кең баба» этносаябағына барып, ХХ ғасырдың басында шіркеумен бірге іргесі қаланған емен аллеясымен жүріп көріңіз.

Мұндағы ағаштардың кейбірінің жасы бір ғасырдан асып кеткен. Саябақта емен, шынар, терек, қарағаш сынды ағаштар өседі. 2017 жылы саябақ әкімшілігі қалалық тұрғын үй коммуналды шаруашылық басқармасының келісімімен ғана ағаштарды кесу, бұталау туралы шешімге қол жеткізді. Енді саябақтағы ағаштар тек санитарлық мақсатта ғана бұталады. 

Яғни, қураған бұталарды қырқуға коммуналды шаруашылық мекемесінің қызметкерлері жұмылдырылады.

«Кең баба» саябағы ХІХ ғасырдың соңында қоғамдық шіркеу бағы болған, ал кеңес уақытында ол жерде Пионер үйі мен Пионер саябағы ашылған еді.

ХІХ ғасырда Шіркеу бағында Никольский кафедралды шіркеуі (қазіргі қуыршақ театры) салынды. Шіркеудің жобасы бірегей, ол өлкеде салынған ғибадатханалардың ешқайысына ұқсамайды.

Қазіргі уақытта Кең баба саябағында жеті ұлттың мәдени орталығы орналасқан: қазақ, өзбек, славян, татар-башқұрт, еуропа халықтары, қытай, кәріс-ұйғыр орталығы. Саябақтың ішінде волейбол және баскетбол алаңы, шахмат клубы, шайхана, балаларға арналған аттракциондар бар, "Оңтүстіктің сыйы" атты жасыл қалашық орналасқан. 

Этникалық саябақ болғандықтан, қолөнер шеберлері мен суретшілердің, ауыл шеберлерінің туындылары қойылған.

Мәліметтер Шымкент қаласының туризм басқармасынан алынды.