Weekend
Шымкент қақпасы
Араб, қытай, орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының еңбектерін жан-жақты талдай келе қазақ археологтары, соның ішінде Бауыржан Байтанаев Испиджаб (Сайрам) шаһарының батыс қақпасы әуелгіде Нуджикет қақпасы, кейіннен Шымкент қақпасы аталғанын көптеген дәлелдер арқылы анықтаған.
Жалпы, ол уақытта Шымкенттің Бас қақпасы болған. Олардың екеуі Түркістан қақпасы, қалғандары Әулиеата қақпа, Күміс қақпа, Ташкент қақпа деп аталған.
Шымкент рабатының аумағында, Қошқарата мен Қарасу өзендерінің аңғарларында археологиялдық қазба жұмыстары жүргізілді. Бұл жерде жүргізілген археологиялық қазбалар көп дүниені байқатты, талай-талай нәтижелерге әкелді. Мәселен, керамикалық дүниелердің орта ғасырлар мен кейінгі орта ғасырлар кезеңіне тән екендігі анықталды. Орта ғасырлық керамика кешендері құрамында асүйлік және асханалық ыдыстар, атап айтқанда, құм, құмыралар, қазандар мен қыш құмыралар, қақпа, леген, шаралар, шылапшындар, басқа да табақ-аяқтар бар.
Шымкенттің кейінгі ғасырларда қандай болғанын, тұрғындардың немен айналысқанын айғақтайтын археологиялық қазба қазыналар аз емес. ХІХ ғасырдағы кенттің кейбір бөліктерінің суреттері бірқатар басылымдарда жарияланған. Тіпті, АҚШ Конгресінің кітапхана қорында «Түркістан альбомы» дейтін дүниенің сақталғаны, онда Шымкенттің 1871 жылдардағы көріністері бейнеленген суреттердің бар екендігін Бауыржан Байтанаевтың «История Шымкента. 2200 лет по археологические источникам» атты кітабында қайталай еске алып, бірқатар көшірмелер жариялаған.