Түркі әлемі

«Шымкент» атауы неден шыққан?

Топонимика

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Зерттеуші мамандар мен ғалымдар әртүрлі тарихи және топонимикалық мәліметтер мен деректерді таразылай келе, Шымкент атауының мағынасын «жасыл желекті қала», «шымқай жасыл кент», «жасыл қала», «шымды шаһар», «шыммен қоршалған қала» деген түсініктер береді.

Кейбіреулер түркінің «шым» және парсының «кент» (қала) деген сөздерінен құралғандығын айтады. Тағы бәзбіреулер соғдының «чимин-чемен», яғни көгалды аймақ, жасыл шөпті (гүлді) алқап, осыған «кент» ұғымын білдіретін сөздің қосылуынан «жасыл (гүлді) қала» деген мағынаны беретіндігін тілге тиек етеді.

Көне қаланың тарихи тұрғындары Қошқарата өзені жағасындағы табиғи жасыл шымды үлкен бөліктермен кесіп алып, үйдің төбесін жапқан екен. Өйткені төбесі шыммен жабылған үйге жаңбыр жауған кезде тамшы ақпайтын көрінеді. Ал алыстан келе жатқан жолаушыға, жиһангезге қала тұтастай жасыл аймақ сияқты көрінген. содан жасыл қала атауы пайда болған.