Денсаулық

Денсаулықтың қадірін білеміз бе?

Қоғамның ащы бір шындығы - "Салауатты өмір салтын ұстанайық" дейді, бірақ әрекет жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өмірде денсаулықтан асқан байлық болуы мүмкін бе? Көпшілік адамдар өзінің  қарбалас өмірінде денсаулығы жайында ұмытып кетіп те жатыр. Бұның қандай зиян екенін тіпті кеш түсініп,өкініп жатқандар көп болмаса аз емес. Яғни, өмірінің материалды жағдайларын реттеймін деп, денсаулығы жайлы ұмытып кетеді.

Иә, салауатты өмір салты ақшаға сатып алып, қиналып ұстанатын нәрсе емес. Қарапайым ғана өмірді жақсартатын, қолымызда тұрған алтын кілтіміз. Салауатты өмір салты тек денсаулығымызды емес моральді жан-дүниеміздің өз дәрежесінде болуына үлкен септігін тигізеді. Қазіргі қоғамымызда салауатты өмір салтын ұстануды жөн санайтындар кімдер? Иә, қоғамда «Бэби-бум» - 1943-1963 жж, «Х ұрпағы» - 1963-1983 жж, «У ұрпағы» - 1983-2003 жж және 2003 жылдан бері келе жатқан «Z ұрпақтары» өмір сүреді. Бұл ұрпақтардың әр түрлі атаумен аталуының себебі - әрқайсысының  өзіне тән ерекшеліктері мен салауатты  өмір салтын ұстануда біраз айырмашылықтар бар. 

Осы ұрпақтардың ішінде ата-апаларымыз, яғни «Бэби-бум» өз денсаулықтарына ертеден көңіл бөлген. Олар жас кезінен салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды заттарға жоламай, иммунитеттерін көтерген. Бұған дәлел ретінде,таңғы жаттығуға, жүгіруге шыққан болсаңыз дені егде тартқан кісілердің спортпен шұғылданып, таза ауамен тыныстап жүргенін көресіз. Сонымен қатар, бұл кісілер қазіргі жастар жейтін тағамнан үзілді-кесілді бас тартады. Ал өзіміздің нағыз ата-әжелеріміз жасынан таза ауада тыныс алып, табиғи өнімдерді тұтынған. Аттың құлағында ойнап, күш-қайратын арттырған. Сол себепті де, олардың иммунитеттері қазіргі табиғат жағдайындағы қолайсыздықтарға немесе біршама ауруларға қарсы тұрып бере алады.  Ал «Х ұрпақтарына» келер болсақ,бұл жандар өте жұмыс басты, өмірін тек еңбек етуге жұмсайды.Сол себепті де салауатты өмір салтын ұстанатындар аз ғана. Бұл ұрпақ өмірдің маңызы "жұмыс істеп, отбасыны асырау" деп түсінеді. Сол себепті, денсаулығына көп көңіл бөлмейді. Бұл көп жағдайда тамақ жеу режимін бұзып алады.  

«У ұрпақтар»   салауатты өмір салтын ұстануға көңіл бөлмейді. Дене еңбегін тек қажет уақытта ғана жасайды. Таңғы жаттығуларда оларды өте сирек кездестіреміз. Ал бұл ұрпақтың тамақтануы көпшіліктің алаңдатушылығын тудырады. Семіздік аурулары,асқазан жарасы аурулары осы ұрпақтың айналасынан көп табылады. Жалқаулық пен еріншектіктің әсерінен көп жағдайда салауатты өмірді ұстануға ниет көрсетпейді. Егер көшеде жүгіріп бара жатқан қызды көрсек, тек арықтау мақсатында, спортпен уақытша ғана айналысады. Арықтап, қалпына келіп алған соң, күнделікті денсаулыққа зиян тағамдарын тұтына береді. Жасыратыны жоқ, қоғамның ащы шындығы. Мемлекет қазіргі уақытта салауатты өмірді ұстанамын деушілерге арнап көптеген жаттығу орындарын жасап берді. Мәселен, Алматы қаласының қай бұрышында жүрсең де, көптеген  жүгіру орындары, жаттығу алаңдары бой көтерген. 

«Шынығып, шымыр боламын» дейтіндерге бұл таптырмас мүмкіндік.  Дұрыс тамақтана білу де денсаулықтың басты шарты. Адам дұрыс тамақтанған кезде ғана ағзасына қажетті тағамдық заттарды толық пайдаланады. Адам пайдаланатын тағам әр түрлі, әрі куаты мол нәрлі болуы қажет. Тағамның құрамында өсімдіктекті де, жануартекті де азық-түлік өнімдері болуы шарт. Ас корыту сөлдерінің дұрыс бөлінуіне жеміс-жидектер, көкөністер, жеміс шырындары, сұйық тағамдар әсер етеді. Ұзақ өмір сүрушілердің басты себептері де дұрыс тамақтана білуге тікелей байланысты. Негізінде, халық тамақтануда нені жеуге болмайтынын бес саусағындай біледі. Дегенмен де, білгені былай тұрсын зиянды тағамға көзі құмартып, нәпсісін жия алмай қалатынын байқаймыз. Әрине, өз асқазаны не істесе де өз қалауы. Бірақ бұл мәселенің бұлай жалғаса беруі - қоғам мен келешек ұрпаққа  үлкен зиян әкелуі мүмкін. 

Қимыл белсенділігі қазіргі қоғамда баяу қарқынмен жүреді. Мысалы, бұрынғы кездері қолмен жасалатын жұмыс көзі өте көп болатын. Сол себепті де халық әрлі-берлі қимыл үстіде физиологиясын шынықтыратын болған.Ол өткен күннің елесінде қалып барады. Қазіргі уақытта,қағазбастылық пен технологияның дамуы әсерінен бір орында қозғалмай жұмыс жасау- адамдарды ынжық қылып бара жатыр. 

Зиянды әрекеттер – салауатымызға сол қылықтарын тигізуде. Адамдардың бір-біріне психологиялық түрғыдан шабуыл жасап отыруы, басқа да факторлар -  ішкілікке салыну мен нашақорлыққа әкеліп жатыр. Денсаулыққа зиян тигізетіні былай тұрсын,бұл нәрсе  қоғамның ластануына, бұзылуына алып келеді. Бұлардың барлығы бірігіп келгенде адам психологиясының бұзылуы мен денесінің қажуына әкеліп соқтырады. Ұйқысыздық, организмнің аурушаңдығы белең алып,көптеген қиындықтар тудыруы мүмкін. Салауатты өмір салтына кері әсерін беретін факторлар бір жерге тоғысатын болса, жаппай адам өлімінің көбеюіне де әкеліп тынуы мүмкін. Бұл дегеніміз – ғаламшарымыздың құрдымға кетіп бара жатқандығын білдіреді. 

«Салауатты өмір салтын ұстанғымыз келеді» дейтіндер бізде өте көп, бірақ іспен дәлелдейтіндер  өте аз. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. Қазіргі уақытта «қайткенде халық салауатты өмір салтын ұстанады» деген сұрақ – көптеген ғалым-профессорлардың актуалды  мәселесіне айналды. Ит үреді, керуен көшеді. Біз кімге болсын барып, «салауатты өмір салтын сақта» деп бұйыра алмаймыз. Әркімнің өз шешімі, өз қалауы бар. Бірақ барлығымыз салауатты өмір салтын ұстанар болсақ,үнемі арыз-шағымымызды жаудыратын қоршаған ортамыз таза, өмір жасымыз ұзақ болар еді. Жаратушының сау қылып берген он екі  мүшеміздің амандығы өз қолымызда.