Weekend
Өндіріс
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Шымкент қаласындағы жіп иіру фабрикасының ашылу рәсіміне қатысты.
Алатмыш фабриканы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ және «Alliance Textile» Өзбек жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының бірлескен кәсіпорны - «Alliance» Сауда-өнеркәсіп палатасы» ЖШС ашып отыр.
Үкімет басшысының сапары ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған ИИД МБ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент пен Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша берген тапсырмаларын іске асыруды қамтамасыз ету аясында ұйымдастырылып отыр. Жоба биылғы маусым айында ҚР және ӨР үкіметтерінің арасында бірлескен тоқыма кластерін құру туралы қол жеткізілген келісімдер аясында іске асырылды. Тараптардың күш-жігерінің арқасында қысқа уақыт ішінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, коммуналдық қызметтер тартылды, бұл көп жылдардан бері жұмысы тоқтап тұрған фабриканың іске қосылуын қамтамасыз етті. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің алдымызға «қарапайым заттар экономикасын» дамыту міндетін қойды, онда жеңіл өнеркәсіпке ерекше рөл беріледі. Біз оның алғашқы нәтижелерін көріп отырмыз», - деді А. Мамин.
Премьер-Министр жіп иіру фабрикасын іске қосу Қазақстанның тоқыма кластерін дамытуға зор серпін беретініне сенім білдірді.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторларына шетелдік инвестицияларды тартудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Өзбекстанның тоқыма өнеркәсібін дамытудағы оң тәжірибесін ескере отырып, биыл 22 маусымда өткен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысы аясында Шымкент қаласында тоқыма кластерін бірлесіп іске қосу туралы келісімге қол қойылды, - деді А. Мамин.
Аталған кәсіпорында бірінші кезеңде 120 жаңа жұмыс орны құрылған. Мақта-талшықты өңдеу көлемі жылына 6 мың тоннаны құрайды. Жобаға өзбек тарапының инвестициялары шамамен 4,6 млрд теңге. Шымкент қаласының тоқыма кластерін қалпына келтіру жөніндегі Жол картасы аясында қосымша екі фабриканы іске қосу жоспарланған, бұл Қазақстанда өңделетін мақта көлемін 2 есеге арттыруды қамтамасыз етеді және 800 жаңа жұмыс орнын құрады.