Weekend
Нысана тек көздеуді талап етпейді
Боулингті бала кезде мультфилмдерде жиі көретінмін. Сәті түсіп барған бетім осы еді, бұрын соңды ойыма кіріп шықпаған жәйттарға куә болдым. Добының өзі ауыр сөздеріміз іспеттес.
Ал нысанаң - оқырмандарың. Бір жолдың бойымен дөңгелетуге әрекет жасайсың да, нысанадағы құмыраларына көздейсің. Жә, айтпағым бұл емес. Бұл нағыз журналисттерге керек ойын. Қараңызшы енді, доптарының салмағы әртүрлі, яғни сен шамаң жететін салмақтағы допты іле отырып, шамаң жететін тақырыппен бастау аласың. Нысана тым алыста, сенде тек тақырып бар мәлімет жоқ.
Допты көтере алғанның өзінде де тесіктеріне саусақ өлшемдері үлкен болып, яки сыймай біраз әбіргерге салатыны тағы бар. Сондағы тақырыптың мақсаты сіздің шама-шарқыныңызға қарай ажарлана түсетіні. Допты көздедің деген күннің өзінде де, оның нысанаға дәл тиетініне ешкім кепілдік бермейді. Тура жолмен келе жатқан добың не шетке ысырылып нысанадан алыстайды, әйтпегенде тек бір-екі құмыраңа тигізе алады. Бір ғана доппен нысанадағы барлық құмыраны құлатуға болады. Ол үшін шамаң жететін добың қырағылық пен жылдамдықты қажет етеді. Егерде осылардың бірі сенің бойыңда болмаса, сенің мәліметің оқырманға жол тартса да, ой тастамайтыны анық.