Weekend
Жастар саясаты
Мұхтар Әуезов атыңдағы Оңтүстік Қазақстан мемлекетік университет, Заңтану және Халықаралық қатынастар факультеті, Халықаралық қатынастар мамандығының «Дипломат» Жастар Клубы «Қазақ елінде дипломатияның қалыптасуы» атты тақырыпта дөңгелек үстелін ұйымдастырды.
«Қазақ елінде дипломатияның қалыптасуы» - әрбір болашақ дипломат үшін маңызды тарихтың бірі. Соны негізге ала отырып, біз Қазақ елінің екі ел арасындағы бейбітшілікті қандай жолдармен орнатып отырғандығын сонымен қатар оның сол кездегі әдіс құралдарының қандай болғандығын зерттеп, саралады.
Дипломатия арқылы қазақ хандары өз аумағын және халықаралық байланыстарды нығайту бойынша белсенді саясат жүргізген. Дипломатиялық құралдар олардың қарсыластарының әлсіз және күшті жақтарын білуге, кейде одақтас табу үшін де қолданылды. Арын айтпағанның өзінде, қазақ хандарының сыртқы саяси мәселелері бойынша кеңесшілері туралы тек үзік-үзік қана деректер бар. Сонымен қатар қазақ дипломатиясының тарихын – КСРО дипломатиясымен байланыстырсақ, тіліміздің ұшына қазақтың кәсіпқой дипломаты Нәзір Төреқұловтың есімі оралады.
Н.Төреқұловты Сауд Арабиясына елшілікке тағайындау үшін «аса құпия» грифімен Сталиннің атына жолданған қызметтік хатта ол туралы: «один из крупных знатоков мусульманского мира и миросозерцания» деген сөздер де баршылық. Дипломатиялық қызметтің шетелдік инфрақұрылымын ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 2 шілдедегі Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Елшілігі туралы», «Қазақстан Республикасы Төтенше және өкілетті елшісінің негізгі құқықтары мен міндеттері туралы» ережелер бекітілді.
Дөңгелек үстелді Шымкент қаласының әкімдігінің «Отбасы, балалар және жастар істері» жөніндегі басқарма басшысы Қалтаев Жандос Төлембекұлы ашты.
«Заңтану және Халықаралық қатынастар» факультетінің деканы з.ғ.к, қауымдастырылған профессор Орынтаев Жамбыл Қылуетұлы құттықтап сөз жалғады.