Weekend
Цитатаның мәні
Цитаталар, иә, құдды бір өміріміздің мәніне айналып кеткендей. Әйтеуір бәрі ақылды, бәрі цитатник, бәрінің өз шындығы бар. Бірақ ескере кетуде керек шығар, "Әркімнің өз шындығы бар, ақиқаты біреу" деген тағы да даналық сөзбен ойымды өрбітсем.
Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша қайталанбайтын даралық пен тағдыр бар. Алайда солардың ішінде де басқарушы мен басқарылғандары болып та бөлінеді екен. Өмірден өз орнын тауып, жетістікке жеткендер, ойларын қорытындылаумен өмірге жаңа бір цитата әкелгіш келеді. Ал басқарылытындары сол цитатаны қолданушы болады екен. Бірақ түсінбегенім - олар екі бөлек адам. Неліктен өзін өзгемен салыстырады және соның ұстанымын ұстанады, оның сол тұлғадан қай жері кем? Қарапайым ғана ойлар болсаңыз, біреудің ізін басумен ғана келе жатқан адам, сол алғаш ізді салушының алдына шыға алмайды. Себебі ол ойының шеңберінен айналшықтаумен ғана өмір сүруші. Бұл бірінші мәселе.
Ал енді ойлаңыз! Күнделікті өмірдегі адамдар қолданысындағы цитаталар жиынтығына көз жүгіртер болсақ, ең көп қолданыстағы сөздер:
1) Әр нәрсенің қайыры бар!
2) Менде барлығы болады, бірақ өз уағымен.
3) Мақсаттар айқын болса - армандар орындалды"және айта берсең жалпы көп-ақ.
Бірақ осы цитатаны адамдар өмірінен гөрі сөзіндегі қолданысқа жиі пайдаланатындығын аңғаруымызға болады екен. Мәселен, ол алдымен мақсат қойды делік, уақыт өте сол мақсатына қадамы сәтсіз шыққан болса, демек бұйырмаған деп, әр нәрсенің қайыры бар, демек солай болуы керек дейміз. Сонда адам, өзіне өзі цитата арқылы қалай ор қазып жатқандығын аңғармай да қалады.
3) "Алтын көрсе - періште жолдан таяды" дегенді бірнеше мәрте естіген боларсыз. Бірақ біреудің жәй ғана мысалынан туындаған цитатаның сіз үшін үлкен күнәға әкеп соқтырарын ойлаған да жоқсыз. Періште - ол да Алланың ең керемет жаратылысының бірі. Оған ақша, алтын керек емес. Сол себептен де, ауызым бар деп сөйлемес бұрында, екі рет ойланып, бір рет сөйлеуді әрекетке айналдырғанымыз жөн.
4) Цитаталар - біріне-бірі қарама қарсы. "Жаман ұлт болмайды, жаман адам болады" дегенді де естіген боларсыз, алайда тағы бір нұсқада "Жаман адам болмайды, жаман мінез болады" делінген. Ал енді арғы жағын ойланыңыз кеп. Қарап тұрсаң екеуі де дұрыс, бірақ мән-мағынасына көз жүгіртсең, адамдар цитатаны шығарарда әркім өзіне қолайлы жағын қарастырып жазады.
5) Өзіңнің цитатаңды жаз. Өмірде соны әрекет қылып жаса.
6) Соңғы жылдағы ақылды кейпіндегі ақымақтардың ең қолданыста көп сөзі: "Мектептегі бағалар - өмірдегі жетістіктерің қарамайды. Мектепті 2-ге бітіргендер ертеңгі күні мықты жерде жүргенде, үздіктер жұмыс таппай қиналады" деген сөз екен. Қандай ақылды ойлап тапқанын білмедім. Бірақ тестілеуден төмен бал жинап, жаны қиналып тұрған адам үшін таптырмайтын қолдау мен сылтау сөз екендігі анық. Өмірді 2-ге бітіргендер басқарған болса, біздің осы күнге дейінгі жетістігіміз болмас еді. Өмірді 2-ге бітіріп, жолы болып кеткендер де немесе үздіктер де басқармайды. Өмірді - білімін ақылмен қолданғандар басқарады.
7) Өзіңнен өзгелер - сен үшін БАСҚА! Сол себептен де біреудің цитатасын қолдану арқылы оның ізінен жүргеннен гөрі, өз цитатаңды туралап, өз дара жолыңды жасағаның дұрыс!