Қоян мен кірпі (ертегі) - на bugin.kz
Асем - на bugin.kz Асем

Авторлық ертегі

Ерте, ерте, ертеде орманда мейірімді кірпі мен оның досы өмір сүріпті. Бір күні кірпі орманға серуендеуге шығып, өзімшіл қоянды кезіктіреді.

- Сәлем! Не істеп жатырсың? - деп сұрады қоян.

- Қыдырып жүрмін, - деп жауап береді кірпі.

- Ха-ха-ха! - деп күлді қоян. - Қысқа аяғыңмен қалай серуендеп жүрсің?

Осы сөздерге ренжіген кірпі қоянға былай дейді:

- Екеуіміз жарысайық, сонда көрерміз кімнің мықты екенін.

Қоян бұған келіседі. Кірпі:

- Мен қазір үйге барамын ,таңғы ас ішіп келемін. Содан кейін жүгіреміз, - деді. 

Кірпі үйге келіп досына:

- Біз қоян екеуіміз жарысамыз, - деді.  

Ал досы:

- Ох, қоянмен қалай жарысасың, ол сенен жылдам ғой... - деді. 

Сонда кірпі оған:

- Ол жылдам болса да, ақымақ. Көре тұр біз оны алдап кетеміз, жеңеміз. Сен тек мені тыңда, менің айтқанымды істе, - деді. 

Олар үйден шығып, жүгіретін жерге келді. Сонда кірпі досын тастын артынан жасырып, оған:

- Қоян жүгіріп келсе, сен тастын артынан шығып, қоянға «Мен келдім» деп айтасың, - дейді. 

Қоян алаңға келді де, бәрі басталды. Қоян мен кірпі орындарына тұрып, жүгіре жөнеледі. Қоян бар күшімен тасқа дейін жүгірді, сол жерде кірпіктің досы "мен бірінші келдім" деп атып шығады. Қоян өз көзіне өзі сенбей «мүмкін емес!» деп таңқалды. «Тағы бір рет жүгіреміз» деп қоян орнына тұрып, жүгірісті бастады, ал кірпінің досы тастын артынан тығылды. Сол кезде қоян алаңға жүгіріп келді, бірақ кірпі сол жерде тұрып, қоянды күтті, тағы да «Мен бірінші!» деп атып шығады.

Қоян ашуланып:

- Жарайды, сен жеңдің. Енді мен сені ешқашан мазақтамаймын, - дейді. 

Шынымен де, сол кезден бастап, қоян ешкімді мазақтамады.

0 Пікір Кіру