Саясат

Жастар жылындағы ең ауқымды жобада Алматы жастары қандай нәтиже көрсетті?

Жастарға берілген үлкен мүмкіндік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2017-2020 жылдарға жоспарланған Zhasproject жобасына Алматы жастары белсене атсалысты. Жастар корпусын дамыту жобасы – Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы.

Қазақстанда Zhasproject жобасы бойынша 14-29 жас аралығындағы 3058 адам қатысты. Бұл жобаға 6 өңірден 1063 қатысушы өз жұмысын ұсынды. Сонымен қатар жеңімпаздарға 1000 000 теңгелік грант тағайындалды. Осы жоба аясында Алматы қаласында 226 жас кәсіпкерге үлкен мүмкіндік беріліп, 67 жаңа жұмыс орны ашылды. Қаржы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Яғни, жаңа жұмыс орнын ашқан әрбір жас кәсіпкер көпбалалы, материалдық жағдайы төмен отбасылармен жұмыс істейді. Жобаның шарты бойынша, жеңімпаз кәсіпкер 6 ай бойы өз өңіріндегі әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуі қажет. 2019 жылы әлеуметтік жобаларды жасауға бөлінген қаржының көлемі Алматы қаласында 170 122 188 миллион теңгені құрады. Бұл жобада оқымайтын және жұмыс істемейтін немесе жұмыс істейтін, бірақ табысы төмен жастарға басымдық беріледі.

Мысалы, сол өңірдегі әлеуметі төмен көпбалалы немесе жағдайы төмен отбасылрға, балалар үйіне,  қарттар үйіне көмектерін көрсетіп отыруы қажет. Тәжірбие жүзінде жоба іске асқан аймақтың жағдайы кішкене болсын жақсарағынын көрсетеді. Осы жағдайда әрбір жоба қатысушысына, егер жоғары білімі болса – 60 000 теңге, орта білімі болса – 40 000 теңге шәкіртақы төленіп отырады.

Алматы қаласы бойынша 25 білім саласы бойынша, 15 әртүрлі, 11 мәдени, 7 салауатты өмір салты, 5 отбасылық құндылықтар, 4 экология және аббатандыру, 3 волонтерлік бастама, 1 туризм саласы бойынша жобалар іске асты.

Жоба қандай компоненттерді қамтиды?

- жастардың топтарына әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған 1 000 000 теңгеге дейінгі гранттар мен әлеуметтік шәкіртақылар ұсыну;

- жас адамдарды өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мен жобаларды басқару бойынша оқыту;

- жастардың осал топтарымен жұмыс істеу;

- тиімді ақпараттық-түсіндіру науқаны мен кері байланыс және мәселелерді шешу тетігін іске асыру.