Телефон ұстаған баланың оқиғасы (Ертегі) - на bugin.kz
Дана  - на bugin.kz Дана

Қиял-ғажайып ертегі

Осы заманда ағасы мен інісі өмір сүріпті. Інісі кішкентай, жалқау және тым ерке болған екен. Ағасы оның еркелігіне күн сайын өткен соң шыдай алмайды екен. Күн өткен сайын ол інісін жек көре бастайды. Себебі оның еркелігіне қарамастан ата-анасы оны көбірек жақсы көреді деп ойлайды. Ол да сол ойына арыла алмай ұялы телефонға үңіліп, өзінің әлеміне кіріп кеткендей болады. Күні-түні тек қана телефонда отырады екен.

Енді бір күні әкесі үшеуі алыс бір жолсапарға барады екен. Әкесі көлікті айдап бара жатады, ал үлкен баласы ұялы телефонмен отырып ештеңені көрместей, өзінің бөлек әлемінде отырады. Екінші баласы болса, өзінің еркелігін қоймай ағасына тиісіп, оған маза бермейді.

Бірнеше жол жүріп болғаннан кейін көлік бұзылып қалады. Не болғанын қарауға далаға шықса, дөңгелегі жарылып қалыпты. Енді оқиға осы жерден басталмақ....

Көлік бұзылып қалған жер киелі де қасиетті жер болып саналатын. Себебі олар Қарқаралы деген жерді өтіп бара жатып соның маныңдағы бір тастың қасына тоқтайды. Сол жерде бұрын Абай Құнанбайұлы тұрған екен. Әкесі сол тастың маңына жақындап "бұл киелі тас, егер сендер оны 3 рет айналсандар бастарына ақыл қонады" деп қалжындайды. Сол кезде інісі ағасының артынан сол тасты айнала бастайды. Бірақ ағасы тасты бір рет те айналмай басқа әлемге тап болады.

Ол сол басқа бір әлемде көп жүреді, қараса, бір төбешіктің әр жағынан дауыстар шығып жатыр. Жақындап қараса бір ауыл жайлаған жер екен. Көп киіз үй. Оның ішінде біреуін ғана көзі шалады. Ол сол кездегі Абайдың үйі болған екен. Ол сол үйге жақындап келіп, үйде бір кісінің отырғаның көреді. Жақындап келіп амандасып "Мен қайдамын?" деп сұрақ қояды. Ал Абайдың жауап бергені...

- Балам, сен менің туған жерімдесін, - деп жауап берген екен.

Содан кейін сөзін жалғастырып кетеді.

- Адам баласы ата-анадан дүниеге келгенде, екі мінезбен туады, ол біріншісі ішсем, десем екен деген мінезбен туады. Ал екіншісі көрсем, оқысам екен деп туады. Сондықтан сен екінші түріне жат. Ініңе қамқор бол. Тек телефонға басыңды ауытқып айналадағы адамдарды ұмытып кетпе, - деп оны өзінің әлеміне жібереді.

Ол өзінің қателігін түсініп ата анасы балаларды теңдей жақсы көретінін түсінеді.

Сондықтанда ата анасын құрметтемеген адам ешкімді де құрметтемейді.


0 Пікір Кіру