Экономика

Қытайдың 10 кемшілігі

Қытай елінің жетерсіз тұстарын саралап көрейік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1949 жылы азаттығын алып коммунистердің басқаруына өткен, елімізде "аспан асты елі" деп әспеттеліп жүрген алып көршіміздің, жетістігін айтып бүкіл дүние жүзі тамсанумен келеді, шынымен бұл елдің экономикасы 1978 жылы қытайдың сол кездегі басшысы Дың Шиау Пин, ел басқару жүйесіне түбегейлі реформа жасағаннан бастап қарыштап дамыды. Деседе бұл елдің әлі де артта қалып келе жатқан, басқа елдердің алдында жерге қарайтындай салалары да жетерлік, сол салалардың ішіндегі ең өзекті деген онын саралап көрелік.

1. Азық-түлік саласы

Қысқасын айтар болсақ қазір қытайдан адамға зиянсыз таза азық-түлік табу қиынның қиыны, табиғи азық түлік жоқтың қасы, түгелдей химиялық зиянды қоспалар қосылады, қарапайым ұнның өзіне ағарту үшін қоспа қосылады, мұндай қоспаларды қосудағы мақсат сырт көзге сапалы етіп көрсету үшін, қолы жететін байлары өздерінің ұлттық тағамдарын жегісі клсе шетел заводтарында өндірілген түрін таңдайды, ал қарапайым халықтың қолы жете бермейді таза азық түлікке.

2. Автокөлік өндірісі

1955 жылы ең алғашқы автокөлік заводы іске қосылған еді бұл елде, ал ол кезде Оңтүстік Кореяда көлік шығаратын завод деген атымен болмаған, қазіргі күні Корей көліктерін бүкіл әлем таниды, Қытайдың барлық қалаларында дерлік корей автокөліктері шапқылап жүр, ал Қытайлар алғаш заводтарын іске қосқан 60 жылдан бері бірде бір сапалы маркасымен дүние жүзлік автокөлік базарына ене алмай отыр, бар мақтанатын Geeli, Dong Feng көліктері өз базарларынан аса алмады, оның өзі кедендік салықты көбейтіп, ішкі өндірісті жанын сала қорғағандықтан ғана аяғын зорға басып келеді.

 

3. Телкомуникация саласы

Қытайдан Америкаға телефон шалу құны әр минутына 8 юан немесе 1,3 долларға тең, ал Америкадан Қытайға телефон шалу құны бұдан 15 есе арзан, ал енді ойлайтын боларсыз, «Қытайдың халық саны көп АҚШ дамыған ел ғой» деп, онда Қытайдың көршісі Солтүстік Кореямен салыстырсақ та жетеді, Солтүстік Кореядан Қытайға телефон шалу құны  Қытайдың ішкі қала аралық телефон шалу құнынан арзан, жалпы бүкіл әлеммен салыстырп қарасақ та Қытайдың хабар алмасу саласы ең қымбат елдердің қатарында.

4. Футбол

Қытайдың ерлер құрамасы, жан саны мен жер көлемі жағынан өзінің оннан біріне де жетпейтін, көршілері Жапония мен Оңтүстік Корея құрамаларын әлі жеңе алмай келеді, оны былай қойғанда ең әлсіз саналатын  құрамаларымен ойнап жеңудің өзі үлкен қуаныш оларға. Спорттың бұл саласын қысық көзді көршіміз ұқсата алмай ақ қойды.

5. Білім беру саласы

Бұл саладағы ең басты мәселе теңсіздік, бұл елде орта мектепті бітірген соң, жоғарғы оқу орынана түсу үшін емтихан тапсырады, онда тұрған не бар дейсіз ғой, мәселе мынада,  оқу шарт жағдайы төмен мыңдаған  кедей ауыл қыстақтарда оқып жатқан милиондаған оқушылармен, үлкен қалалардағы профессорлар мен ғалымдар сабақ беретін, зияткерлік мектептерде оқитын қаланың оқушылары, қиындық дәрежесі бірдей емтихан сұрақтарына жауап беріп бәсекеге түседі, нәтижесінде, қаланың оқушылары топ тобымен университеттерге оқуға түссе, ауылдың не бір талантты балалары қоғамға шығып қара жұмыс істейді немесе жұмыссыздардың қатарын көбейтеді.

6.  Тұрғын үй құрылысы саласы

Қытайдағы ең былыққа батқан сала, бұл саладағы заңсыз ақша айналымы біреулердің қалтасын қампайтса, ал біреулерді зар илетіп келеді, Қытай чиновниктерінің  құлқынына тығылатын юандардың көп бөлігі осы саладан келеді, қаржы полициясының әзірге шамасы келер емес бұл салаға.

7.    Өндірістік апаттар

 Соңғы статистикалық мәліметтерге қарағанда, дүние жүзіндегі соңғы 30 жылда болған үлкенді кішілі соғыстан қаза тапқан адамдардың саны, соңғы 30 жылда қытайдың өндірістік апаттарда  қаза тапқан адамдардан көп емес, мұншама көп адам өлуінің себетері, өндіріс қауіпсіздігін сақтамау, кеніштерден шығатын улы газдардың кесірі, немесе улы газдың соңғы зардаптарынан қаза табады.

8.    Денсаулық сақтау саласы

Қытай медицинасы соңғы жылдары біраз жетістіке жетті, бірақ мәселе мынада, егер қытайда өмір сүрсеңіз артық бірнеше мың АҚШ долларын сақтай жүріңіз, алда жалда денсаулығыңыз сыр беріп жатса,  ақысыз ем қабылдаймын деп ойламай ақ қойыңыз, оның үстіне емдеу ақысы да удай қымбат, емделетін ақшасы жоқ кедейлердің аурухана босағасында жатып қайтыс болуы қалыпты жағдай саналады бұл елде.

9. Мәдениет

Қытай халқы әлемдегі ең мәдениеті төмен халықтың бірі, қоғамдық орында қақырынып түкіріну, жаздың аптап ыстығында көшеде балағын түріп отыру т, б, бұлар енді адам ауызы баратындары, бұдан басқа ауыз бармайтын ерсі қылықтарын бұл жерге жазудың өзі ыңғайсыз.

10.Көлік қатынасы

Көлік санының күн санап артуына ілесіп, қытай қалаларындағы жүріп тұру қиындап барады, сағаттап тұратын көлік кептелісі, жүргізуші мәдениетінің төмендігі, көлік апаттарының жиілеуі Қытайдың басын қатырған өзекті мәселелердің бірі болып келеді.