Weekend

Жаңа жылда салют ату міндет пе?

Кей адамға тигізген зардабы ше?

Авторларды қолдау орталығы

8 800 004 04 20

Дс-Жм 09:00-18:00

Осыдан бірер жыл бұрын 31-інен 1 қаңтарға ауған түні Алматыда болғанмын. Жаңа жылды тойлауға онша құлқым жоқ. Сағат тілі 12-ден кетті-ау дегенде алып шаһардың әр төбесінен бірлі-жарымды отшашулар көріне бастады. Алғашында мән бермегем. Кейін Алматының аспанын аядым да отырдым. Аспан жарылса қайтпекпіз деген қорқыныш та жоқ емес. Бірақ бәзбіреулерге бұл уайым емес секілді. Сағат 2:00-ге дейін отшашулар сол күйі тоқтамады...

Мамандардың айтуынша, отшашудың салдарынан көз­ жарақатын алып, «Петарда» ата­мын деп қолын күйдірген, осы сынды себептермен жаңа жыл қарсаңында ауруханаға түсетіндер көп екен. Соның ішінде жарылғыш заттардан жапа шегетіндердің басым көпшілігі – балалар. Сонда ата-аналар балаларының болашағына бей-жай қарай ма? Жаңа жылды тыныш қана қарсы алуға болмас па еді? Ертең бір минут тұрып бір салют атамын деп балаңыз бір қолынан айрылып жатса кімге кінә артасыз?!

Қоғамда салют атуды бәсеке қылып алғандар да бар екен. «Пәленше» өткен жылы мынадай салют атты, мен биыл одан да қымбат салют атуым керек дегендерді де естіп жүрміз.

Не десек те, жаңа жыл жақсылығымен болсын деп тілейік. Дегенмен, сол түні тыныштықта тілек айтып, үстел басында отбасыңызбен әңгімеңіз жарасып бір кесе шай ішкенге жететіні жоқ сияқты.

Сіз не дейсіз, оқырман?!

Автор ретінде тіркеліп ақша табыңыз