Hi-Tech

Smart Шымкент: Қауіпсіздік саласындағы жобалар қандай?

Қауіпсіз қала

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында қолға алынған «Smart City» жобасының мақсаты – Шымкент қаласын халықаралық «ақылды» қалалар санатына қосу әрі Қазақстан бойынша елорда мен Алматы қаласынан кейін үшінші смарт-қалаға айналдыру.

«Ақылды қаланы» құрудағы басты мақсат – бұл тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Шымкент қаласында «Ақылды қала» жобасы аясында қауіпсіздік саласында жасалып жатқан жобалар біршама.

Соның бірі – Сергек интелектуалды бейнебақылау жүйесін құру жобасы. Жобаның мақсаты – бақылау учаскелерінде жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін сақтауын бақылау, іздестіру іс-шараларының тиімділігін арттыру, апатты жағдайларды төмендету.

- Қазіргі уақытта Шымкент қаласының 35 жеріне зияткерлік сергек камералары орнатылды. Сергек камералары бірнеше функцияны атқарады. Олар – көліктің қарсы бетке шығуын анықтау, көліктің жылдамдығын өлшеу, көліктің жолдың қос жолағын бұзып өтуін бақылау, көліктің автобустың жүретін жолына түсіп кетуін анықтау. Осылардың ішінде әзірше қалада қойылған Сергек камераларды көліктің жылдамдығын да бақылауда ұстап отыр. Бұл – пилоттық жоба, - дейді Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Айдос Оспанов.

Қауіпсіздік саласында жүзеге асырылып отырған келесі жоба – Құқықбұзушылықтарды тіркеудің бірыңғай (ЕРАП) жүйесін енгізу.

Жобаның мақсаты – құқықбұзушылықтарды тіркеу үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету. Жобаның негізгі міндеті хаттама жасалған сәттен бастап және төленген айыппұлды автоматты түрде алып тастағанға дейін, барлық қойылған шектеулерді алып тастай отырып, әкімшілік өндіріс процесін толық автоматтандыру. Жоба іске асырылды.

- Аталмыш жобаны арқасында 5 айдың ішінде 15 мың құқықбұзушылық анықталып, 59 млн теңге айыппұл өндірілді, - дейді Айдос Бақытжанұлы.

Тағы бір жоба – Ақылды көшені жарықтандыру жобасы.

Жобаның мақсаты - қаланың 214 көшесінде ақылды жарықтандыру жүйесін орнату.