Weekend

Туристтік мереке: «Қошқарата» сейілі фестивалінің тарихы

Бір ғасырдан кейін түлеген мереке

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі саяхатшы, зерттеуші А.Добросмыслов «Сырдария облысының қалалары» атты кітабында ХХ ғасырдың басында тек Шымкенттің тұрғындарына бұйырған бұл ғажайып мереке туралы айтып кеткен екен. Баяғы ғасырлардан бері Наурыз мерекесі басталардан екі апта бұрын Шымкентке жақын маңдағы тау бөктерінен келген қазақтар Қоқшарата өзенінің жағасына киіз үйден үлкен қалашық тұрғызады екен.

Осында үлкен жәрмеңке ұйымдастырылып, көшпелілер мен қалалықтармен тауар алмасу белсенді жүргізіледі. Одан кейін бәрі жиналып, ірі қошқарды құрбандыққа шалатын болған. Жасағаннан құтты жыл, берекелі жиын-терім, Қошқаратаның рухына тыныштық тілейтін. Бірақ бұл дәстүр 1917 жылы Қазан төңкерісі басталған кезде тоқтап қалды.

Билік басына большевиктер үкіметі келгеннен бастап, «ескінің жұрнағымен» қоштасуға тура келді. Алайда 20-жылдардың ортасында жергілікті зиялы қауым өкілдерінің сүйікті мерекеге жан беруге ұмтылысы болды. Бірақ болмады...

2015 жылғы желтоқсан айында шымкенттік өлкетанушы-бастамашы Алексей Гончаров пен Кеңес Исмаиловтар Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахмановқа ертедегі халықтың сейіл құруын жаңғырту туралы өтініш білдіреді.

Қала басшысы бұл идеяны қуаттап, 2016 жылғы наурыз айында жүз жылдық үзілістен кейін «Қошқарата сейілі» фестивалін жалғастырады. Бұл бұдан кейін да жалғасын тапты. Кейін дәстүрге айналғандай болды.

Мереке наурыз айының ортасында өтеді. Қазір қошқарды жұрт көзінше ешкім бауыздамайды. Конкурс қоршқардың «өзіне» өткізіледі. Еске салсақ, 2017 жылы қошқардың Ордабасы тұқымы жеңімпаз атанған еді. Оның шопаны 300 мың сыйақы алды.

Мерекелік концерттік бағдарлама кейін «Наурыз» мейрамына жалғасады. Ұлттық спорт ойындары ойнатылады. Әсіресе, 100 келілік қошқарды иыққа салып көтеру дәстүрге айналған. Ал жеңімпаз қошқардың өзіне алады.

Материал Шымкент қалалық туризм басқармасының мәліметтері арқылы дайындалды.