Денсаулық

Тағам мен талғам

Ең алғаш жер бетінде адам пайда болғанда, оның ең бірінші қажеттілігі азық болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ең алғаш жер бетінде адам пайда болғанда, оның ең бірінші қажеттілігі-азық болды. Қоғамның даму сатылары, Тариxи формациялардың өзгеру себептері тек азықтық қажеттілік сұранысының жоғарлауынан ғана орын алды. Өркениет пен мәдениеттің эволюциясына жол ашқан - ас, бүгінде көптеген дерттердің себебі болып отыр.

Дәрігерлік зерттеулерге сүйенер болсақ тағам өнімдерінен пайда болатын ауруларға: ішек аурулары,гастрит, бауыр циррозы, бруцеллез, бүйрек аурулары, өт жолы қабынуы, қандағы ауру т.б жатады. Аталған дерттерге шалдыққан адамдардың 82% ында ауру себебі дұрыс таманбау деп көрсетілген. Және барлығына табиғи әрі құнарлы өнім тұтыну деген дәрігерлік нұсқау берілген. Енді сол табиғи өнімдердің құрамына тоқтала кетсек. Қаназдық пен аққан дертіне шалдыққандарға дәрігер ет өнімдерін жиі тұтынуға кеңес береді. Ал қазақстанға ет өнімдері экспортталған кезде, ұзақ жолда бұзылып кетпес үшін xимиялық қоспалармен тазартылады. Биотеxнологтар бұл қоспаларды ет құрамында күрделілігіне қарай 3 айдан 8 айга дейін сақталатынын айтады. Қазіргі таңда ірі қараның ет көлемін арттыру мақсатында жемге түрлі xимикат косылады. Бұл тұтынушы денсаулығына да залал келтіреді.

Сүт өнімдері тасымалдану кезінде құрамына қарай әр- түрлі температурада тасымалдынуы қажет. Алайда "наш путь" тасымалдаушы компаниясы жарнамалық сайтында сүтті тек -8 градуста тасымалданытын алға тартқан. Демек, сүт құрамына қарай температураны реттемейді. Дәрігерлер құс өнімдері мен жұмыртқаны көктем уақытында көп тұтынуға кеңес береді. Қазақстан қаңтар айымен сәуірдің ортасына дейін Ресей мен Қытайдан тауық экспортын тоқтатады. Бұл тұмаудың алдын алу шаралары болып табылады. Алайда жылдың 4/3 бөлігінде тасымалдатын тауық еті мен жұмыртқасы басқа да ауруларға себепші.

Тағамнан пайда болатын аурудың тағы бір түрі – бауыр циррозы. Өкінішке орай, Қазақстан мен Ресей жерінде цирроздың жеке статистикасы жарияланбайды. Жалпы бауыр жетіспеушілі статистикасы жылына 300 мың адам деген көрсеткіш көрсетеді. 300 мың науқастың 22% бауыр циррозына шалдыққан.

Әлемде ең көп таралған дерт – гастрит. Гастрит – асқазанның  созылмалы қабыну сырқаты жиі кездесетін аурулардың бірі. Асқазанның созылмалы аурулары көбіне мектепке дейін және мектеп жасында басталады. Әлемнің 60% халқы осы дертке шалдыққан. 37%-і дұрыс тамақтанбау мен тағамнан уланудан болады.

Аскаридоз – жиі таралған гельминтоздық дерт. Әлемде 1.3 миллиард адам аскаридозбен ауырады. Жер тұрғындарының ауруға орташа  шалдығу көрсеткіші – 100 миллион. Қазақстанның негізгі эпидемиялық аймақтарында 100 адамға шаққандағы көрсеткіш – 32, 6.

Дұрыс тамақтанбаудан асқынатын аурулар қатарына – көздің көру жетіспеушілігі де жатады. Қазақстан халқының 38% көз жетіспеушілі бойынша тіркелген. Бұл дерттің себебі тағам құрамындағы минералдық заттар мен дәрумендердің жоқтығы немесе химиялық заттармен алмастырылуы.

Қазақстанда аллергиямен ауыратындар жыл өткен сайын көбейіп отыр. Мамандар иммундық жүйенің әлсіреуінен пайда болатын ауруға экологиялық ахуал, тағам сапасы әсер ететінін айтады.

2009 жылы ұлттық жандармалық франция басқармасы испанияның "SE700" биотеxнологиялық ұйымын сотқа берген болатын. Олардың айтуы бойынша бұл ұйым азия мен оңтүстік Америкаға экспортталатын тағам өнімдеріне аз мөлшерде улы заттар қосқан. Бұл айыпқа "SE700” биліктің тапсырысымен, жер xалықтарының санын азайту мақсатында ашылдық деп жауап қайтарды. Мұнымен не айтпақпын? Ауру таралғаннан кейін науқасқа дұрыс тамақтануды ұсынбас бұрын, пайдалы өнімнің құрамы мен сапасына көңіл бөлген жөн. Дарвинше айтқанда тіршілік үшін күресте, сыртқы ортаға жақсы бейімделген дана ғана тіршілігін сақтайды деген заман келді.