Weekend

Алматыда демалыс күндері қайда баруға болады?

Алматыдағы көрікті 5 орын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда көпшіліктің таңдайын қақтырар, санына сапасы сай келетін көрікті орындары көп. Бүгін Дінмұхаммед Қонаев негізін қалап, алмасы символына айналған қаланың көз тартар орындарына тоқталуды жөн көрдік. Назарларыңызға Алматы қаласының көрікті 5 орнын ұсынамыз. 

Медеу

Медеу спорт кешені – жасанды мұз айдыны бар әлем бойынша ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан.

Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 жылы пайдаланыла бастады. Медеу Спорт Кешені 1972 жылы тұрғызылды. Конькишілерге арналған жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың м. Жарыс жолының ені 5 м, айналымы 400 м. Айдынның ортаңғы бөлігі — хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған. 12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейні, спорт залы, мейманхана, асхана, кинозал, кітапхана және баспасөз орт. орналасқан. Жасанды мұз айдынының астыңғы жағындағы биікт. 2,3 м 20 түрлі материалдар қабаты орасан зор темір бетон тақтаның үстіне орналастырылған. Мұнда ұзындығы 170 м-лік салқындатқыш темір құбырлар тартылған. Айдынның жарықтануын 8 тұғырға орнатылған 1600 қуатты шамдар қамтамасыз етеді. Ортадағы фотофинишпен байланыстырылған жылдам жазатын электронды таблоның 30 мыңнан астам шамы 1 мин ішінде 6 мың түрлі бейнені көрсете алады. Жасанды мұздың қалыңд. — жазда 3 — 4 см, қыста 10 — 15 см-ге дейін жетеді. Медеу Спорт Кешені құрамына Медеу қонақ үйі кіреді. Медеу қонақ үйінің бір, екі орындықты және люкс бөлмелері бір мезгілде 376, ал жылына 10 мыңға жуық адамдарды қабылдай алады. Сенбі, жексенбі күндері — Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конкишілерді қабылдай алады. Медеу мұз айдынында спринтерлік және классик. көпсайыстан, т.б. спорт түрлерінен әр түрлі халықар. жарыстар өткізіліп, дүниежүз., еур. және ұлттық рекордтар жасалды. Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “Азия дауысы» халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.

Медеу – Алматының төңірегінде, Кіші Алматы өзенінің жағасында жататын мұз айдыны. Теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасып, ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының арасында. Медеу 10,500 ш.м. жерді алып жатады және 10,500 көрерменді сиғызады.

Көк-төбе

Көктөбе – Іле Алатауының бөктеріндегі көрікті жерде орналасқан төбе. Алматы қаласының оңтүстік-шығысында. Абсолют биіктігі 1070 м, салыстырмалы биіктігі 370 м-дей. Беткейлері тіктеу келген. Оларда бұта, жусан аралас таудың әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндері өскен. Көктөбеде биіктігі 372 м болатын телевизиялық мұнара, қала тұрғындарының демалыс аймақтары, т.б. орналасқан. Көктөбе – Алматы қаласына панорамалық шолу жасайтын орын саналады.

Үлкен Алматы көлі

Үлкен Алматы көлі — Іле өзенінің саласының бірін жанай өтетін оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 шақырымға созылған, Іле Алатауындағы көл. Үлкен Алматы көлі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 28,5 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2497 |м биіктікте Үлкен Алматы өзенінің аңғарында орналасқан. Мұздық суымен нәрленетін көл 500 м ендікте 1 шықырым ұзындыққа созылады. Ең жоғары температурасы 12,8°С-қа жетеді. Көл кең алқаптың соңына орналасқан және алқаптың ежелгі мұздығының шеткі үйінділерінен құралған. Ауа райының салқын болуына орай, бұл жерде тау беткейлеріндегі адамдар мен жануарларды мазалайтын шыбын да, маса да жоқ.

Климаты қоңыржай континентік, жазы салқын болады, көп жаңбыр жауады. Ал, қыста суық болады және көл мұздайды. Орташа жауын-шашын 1500 мм. Орташа су температурасы + 4,7°. Бұл жерде арша, Тянь-Шань шыршасы, қарағай өседі. Rөлдің арғы бетінен қаланың кез келген нүктесінен көрінетін негізгі үш шың — Көлді (4110 м), Кеңес (4317 м), Үлкен Алматы (3681 м) мен мұндалайды.

Шымбұлақ

Шымбұлақ — Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты. Талғар асуының бөктеріндегі бұл спорттық кешен 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған. Алғашқыда бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған. Жарыс жолының ені 25 метр, еңістігі 11-29 градустардың аралығында, сондықтан шаңғышылардың ең жақсы жылдамдық көрсетуіне қолайлы. Техникалық сипаттамасы жағынан Еуропаның ең жақсы жарыс жолдарынан кем емес, көп жағдайда (қарының сырғанақтық сапасы бойынша) олардан артық.

Кешенді жаңа жөндеу бойынша жалпы ұзындығы 6 шақырымнан екі есеге ұзартылды. Ал ені ең негізгі бөліктерінде 10-20 есеге кеңейтілген. Тау шаңғы трассаларының бойына қар зеңбіректері орнатылған, аспалы жолдардың болат арқандары жаңартылған. Алдағы күндері шаңғы жолдарын Қарлытау мұздығына дейін ұзарту көзделген. Осы шаралар іске асқаннан кейін шаңғы трассасының ұзындығы бойынша Шымбұлақ әлемдік жетекші курорттарымен теңесетін болды. Сондай-ақ, қонақ үйлер қайта жасақталып, мейрамханалар мен дүңгіршектер, боулинг, спа-орталықтар құрылады. Осы жұмыстардың барлығы 2011 жылғы Азия ойындарының қарсаңында аяқталмақ.

Сонымен бірге мұнда соңғы үлгідегі уақыт өлшейтін құралдар, әлемдік жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге лайықты ақпараттық көрсеткіштер қойылады. Тау шаңғысы мен сноубордтың халықаралық мектептері бой көтермек. 2000 автокөлікке арналған жерасты автопаркингтер, Медеу мен Шымбұлақ арасында жүретін 4,5 шақырымдық аспалы жолдар салынған. Осы жолдар арқылы тау шаңғысы кешеніне он бес минутта көтерілуге болады. Болат арқандарға секундына 5 метр жылдамдықпен жүретін 115 кабина орнатылады, яғни, олар бір сағатта 2000 адамды тауға көтермек. Курортқа балаларын алып келетін туристерге ыңғайлы болу үшін, «бэби-лифт» - көтергіші бар балалар алаңы да жасалып қойылған. 2510 метр биіктікке орналасқан бұл кешеннен таудың кереметтей көріністері, жұмсақ климаты мен шуағы мол күндерінің көп болуы, қар қабатының ұзақ уақыт жатуы (желтоқсан мен сәуір аралығында) – бұл жерге туристер мен тау шаңғы спорты әуесқойларының легін өзіне баурап тартатын болады. Мұнда демалыстың басқа түрінен гөрі, айдындай тайғанақ мұз жолдарын қалайтын шаңғышылар, шеберліктерімен деміңді ішіңе алып таң қалдыратын, экстримальді секіретін және қилы бұрылыстар жасап түсетін батыл сноубордшылар келеді. Сөйтіп, Шымбұлақ қараша – мамыр аралығында шаңғы жарыстарын өткізетін, шаңғы тебетін мекенге айналса, жаз айларында қар жамылғысы бар тауларды тамашалайтын, туристер көп келетін, қалалықтар дем алатын тамаша орынға айналмақ.

Тұңғыш Президент саябағы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы (Дендросаябақ) – Алматы қаласының бірегей табиғи көрінісін және ХХI ғасырдың ғылыми жетістіктерін біріктіру мақсатында құрылған саябақ. Саябақ жобасын жетілдіру барысында халықтың таза ауада демалуы үшін жайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған табиғи (жер бедері, өсімдіктер, су) және жасанды сәулет-инженерлік құрылыстардың жиынтығын қамтитын жасыл көшеттер жүйесін құру принциптері негізге алынған.

ендросаябақтың жалпы ауданы – 73 га. Саябақ құрылысы 2001 жылдан басталған. Сол жылдан бастап негізгі жобалық элементтер, яғни саяжолдар, көшелер мен дендрологиялық учаскелері құрылған, дендрологиялық жобасы бойынша жасыл көшеттер отырғызылған. Алғашқы ағаштардың бірін (емен) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  2001 жылы өзі отырғызған. Алматы қаласының «Пекин 2008» акциясының шеңберінде олимпиада жалынының эстафетасына қатысуының құрметіне жүзден астам атаулы ақ қайың мен шырша, 2011 жылы 100 тянь-шань шыршалары отырғызылды. Саябақ 2010 жылдың шілдесінен бастап жұмыс жасайды. Сол уақыттан бастап Алматы қаласы бойынша ең ірі бас бұрқақ (сыйымдылығы 2820 кубты құрайды) жұмыс істейді.

Бұрқақтың жоғарғы жағында 2011 жылы 11 қарашада Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылып «Қазақстан» атты монументалды-мүсінді композиция орнатылды. Композиция қола, гранит және мәрмәрден салынған бүркіт түрінде дайындалып, ортасына Тұңғыш Президенттің мүсіні орнатылған. Бүркіттің қанаттарында Алматы мен Астана қалаларының нышандары және Қазақстанның көптеген басты сәулет пен тарихи нысандарының үлгілері бейнеленген.

Саябақ іші мен сыртының жабдықталуы қазірзгі таңда да жүру үстінде. Саябақтың негізгі жоспарына 9,5 га су құрылыстарының кешені және 4,8 га тау сілемінің аймақтары енгізілген. Қазіргі таңда болашақ саябақ құрылысында климатрондар мен алты каскадты бұрқақтар жанында гүлбақшалар, демалу алаңдары, жүруге арналған жолдар және т.б. орналасқан. 12 м-лік тау етегінде орналасқан бақылау алаңы да саябақ ішіне кіреді.