Weekend

Өнер. Қойылым. Алматыдағы М.Әуезов театры туралы не білеміз?

Театрдың кешесі мен бүгіні туралы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына саяхат. 

Театр тарихына шолу

М.Әуезов атындағы академиялық драма театры 1926 жылы Қызылорда қаласында өз жұмысын бастады. Бұл театрды халық өнердің қара шаңырағы, қазақтың тұңғыш кәсіби театры деп біледі. Театр әртістері алғаш рет сахнада Қ.Кемеңгерұлының «Алтын сақина» пьесасы мен М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасынан үзінді ойнады. Театрдың құрылуына, бой түзеуіне Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Қ.Жандарбеков, Е.Өмірзақов, Қ.Бадыров, тағы да басқа әртістер көмектесті. Атақты әнші Ә.Қашаубаев, төкпе ақын И.Байзақов, палуан Қ.Мұңайтпасовтар да осы театрға қолдау білдіргендердің қатарынан табылды. Сонымен қатар театр өміріне А.Абдуллина, З.Атабаева, М.Шамова, Ж.Шанина, Ш.Байзақова, О.Қашаубаева, Д.Оңғарбаевалар өз үлестерін қосып, белсенді араласты. Аталмыш театрда да режиссер деген түсінік болды. бір емес, үш режиссер болды. Олар: С.Қожамқұлов, Ж.Шанин, Қ.Қуанышбаев. Театрдың алғашқы директоры Д. Әділов болды. Ол шығармашылық-шаруашылық ұйымдастыру жұмыстарында ерекше көзге түскен еді.

1926 жылдың 5 қазанынан бастап театр директоры әрі көркемдік жетекшісі Ж.Шанин болды. Ол театрдың қалыптасуында, шығармашылық дамуында ерекше қызмет атқарды. 

Театр, театр ұжымы Алматы қаласына 1928 жылы көшіп келді. Одан кейінгі жылдарда театр ұжымына жаңа әртістер қосылды. Олар театрға шығармашылық күш бере алды. Жаңа құрамда: Қ.Бейісов, Қ.Әділшінов, Ш.Жиенқұлова, М.Ержанов, Ж.Елебеков, С.Телғараев, Ә. Хасенов, Қ.Байсейітов, Ж.Өгізбаев, А.Жолымбетов, Р.Есімжанова, Р.Қойшыбаева, Ш.Айманов, К. Байсейітова, С.Майқанова, Г.Сыздықова, Қ.Қармысов, т.б. болды.

1932-1938жж. театрдағы әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып М.Әуезов қызмет істеді. Ол театр шығармашылығының кеңеюіне септігін тигізді. Пьесаларынан бөлек мақалаларында да театрдың бағыт-бағдарын айқын көрсетуге тырысты. Сонымен қатар ол театр репертуарын байыту мақсатында біршама жұмыс жасады.

1933-1934жж. музыкалық студия театр құрамынан бөлініп шықты. Сол кезде ұжымдағы әншілік қабілеті басымырақ әртістер музыкалық студия құрамына қосылды. Қазіргі кездегі Республикалық Жамбыл атындағы филармония мен Абай атындағы опера-балет театры, «Қазақконцерт» сол кезде М.Әуезов театры құрамынан бөлініп шыққан музыкалық студия негізінде құрылып, өнер әлемінде бүгінгі сатыға көтерілді.

Алғашқы республика сыртындағы гастрольдік сапарға 1928 жылы шықты. Ол кезде театр ұжымы Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында жиырма күн шамасында өнер көрсетті. 1937 жылы академиялық атақ алған театр гастрольдік сапарға шығуды жиілетті. Ұжым бірнеше рет Мәскеу қаласында өнер көрсетті. Сонымен қатар олар халықаралық фестивальдерде де қойылымдарын көрерменге ұсынып жүрді.

ХХІ ғасырдағы театр репертуары

ХХІ ғасырда театр репертуары айтарлықтай кеңейді. Бір кездері ұжымға Есмұхан Обаев жетекшілік етті. Сол кезеңде аталмыш театрдың көрермені көбейді. Олар гастрольдік сапарларға жиі шығуды әдетке айналдырды. Көркемдік жетекші М.Әуезовтің «Айман-Шолпан», «Абай» туындысын; Н.Гогольдің «Парасын» («Ревизор»), ал қазіргі драматургиядан «Жаужүрек» («Балуан Шолақ», Д.Исабеков), «Үміт үзгім келмейді» (Н.Келімбетов), секілді ерекше әрі қызықты қойылымдарды театр сахнасында тірілтті. Театр ұжымы әлемдік классикадан - «Ымырттағы махаббат», «Гамлет», «Ромео мен Джульетта», «Фархад-Шырын», тарихи тақырыпта - «Мөлдір махаббат», «Қамар сұлу», «Томирис», «Қазақтар», бүгінгі күн драматургиясынан - «Сұлу мен суретші», «Қожанәсір тірі екен...», «Тендерге түскен келіншек, «Күлеміз бе, жылаймыз ба?», «Көшкін», «Империядағы кеш», «Сағыныш пен Елес», «Шәкәрім» және басқа да көптеген спектакльдерін көрерменіне тарту етті. Е.Обаев театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болып қызмет жасап жүрген кезеңде репертуарды жаңарту мен қойылым сапасын арттыруға біршама жұмыс жасады. Ол қазіргі кезде жас буынмен тәжірибесін алмасып, оларға білім беріп келеді.

Тәуелсіздік жылдарында М.Әуезов театрында республика көлемінде, сонымен қатар шетелдерден режиссерлер шақырту дәстүрге айналды. Театр сахнасында Н.Жақыпбай, Ж.Хаджиев, Қ.Қасымов, Х.Әмір-Темір, Ә.Оразбеков, Ю.Коненкин, Н.Жұманиязов, М.Ахмановтар, сонымен қатар өзбек режиссері О.Салимов, драматург-режиссері Н.Птушкина, түркмен режиссері К.Ашир, орыс режиссері В.Захаров және литвалық Й.Вайткустар әртістер үшін қойылым қойды. Олардың көрсеткен өнерлері театр әртістері үшін қомақты тәжірибе болды.

Қазіргі кезде театрдың репертуарында 51 қойылым бар. Репертуардың 70 пайызы қазіргі заман тақырыбындағы пьесалар.

Ай сайын театрдың үлкен және кіші залында 30 шақты қойылым ойналады.

Театр құрамы

Театрдың директоры - Сәбит Әбдімүтәліұлы Әбдіхалықов, көркемдік жетекші - Асанәлі Әшімов, кеңесші - Есмұхан Обаев, директордың орынбасары - Жалғас Толғанбай, директордың орынбасары - Сәкен Досхан Сәкенұлы.

Театрдың кәсіби режиссерлер құрамында А.Кәкішева, Ә.Рахимов және жас буын өкілдерінен Е.Нұрсұлтан мен Е. Нұртазин бар. Үлкен буыннан Е.Обаев, А.Әшімов, Т.Жаманқұловтар да қойылымдарға жауапкершілікпен қарайды. Қойылымдық-көркемдік бөлімде бүгінгі күнде Е.Әдісбек, Е.Тұяқов, М.Сапаровтар қызмет етеді. Ал театрдың гримері шебер Б.Щербаков пен дыбыс бөлімінің жұмысын көтерген Е.Қуантқановтың шәкірттері дәстүрді жалғастырып, ұстаздарының жолын қуып келеді. Жарық, дыбыс режиссерлері, бейнебөлім, костюммен айналысу бөлімі, басқа да көптеген театр қызметкерлері қойылымның сәтті әрі мінсіз шығуы үшін тер төгіп келеді. Әртістердің орны ерекше болмақ...

Бүгінгі таңда театрда атақты өнер адамдары: А.Әшімов, С.Оразбаев, Н.Мышбаева, Т.Тасыбекова, С.Қожақова, Б.Имашева сынды үлкен буын өкілдерімен бірге Ғ.Байқошқарова, Қ.Тастанбеков, Р.Машурова, Т.Жаманқұлов, О.Кенебай, Ш.Ахметова,  М.Өтекешова, Ш.Меңдиярова, Ғ.Әбдінәбиева, Б.Жанғалиева, Р.Хаджиева, Т.Аралбаев, С.Мерекеұлы, М.Нұрәсіл, Б.Қожа, Г.Жақып, А.Бектемір,  А.Сейтметов, Д.Темірсұлтанова, Б.Қаптағай, Б.Әбділманов, Б.Тұрыс,  Ғ.Құлжанов, Ж.Маханов, О.Қыйқымов, Ж.Әміров, М.Омарбекова, Ү.Сейтімбет талмай қызмет етіп келеді. Ал театрдағы орта буын - Е.Біләл, Д.Ақмолда, А.Боранбай, Ж.Толғанбай, Д.Жүсіп, Ш.Асқарова, Ш.Жанысбекова, Г.Тұтова, К.Шаяхметова, Н. Бексұлтанова, А.Сұрапбай, Н.Қарабалина, Б.Айтжанов, З.Көпжасарова, Б.Қажнәбиева, А.Сатыбалдиева, А.Бөкенбай; бұлардан кейінгі буын Н.Жекенова, Е.Дайыров, Л.Қалдыбекова, Г.Шыңғысова, Т.Сағынтаев, А.Шаяхметов, Ж.Байсалбеков, Б.Жақыпбекова, А.Өмірова, Н.Әбілов, С.Құлымбетова, Е.Тұрыс, Е.Бектасов, С.Бақаева, З.Карменова, А.Бақытжанова, Ғ.Оспанов, М.Мұхтарұлы. Соңғы маусымда театр құрамы жастармен тағы да толықты. Олар да өздеріне берілген рөлді сәтті сомдап, көрерменнің көңілінен шығып жүр.

Театр құрамында: 1 КСРО халық әртісі, 10 Қазақстанның халық әртісі, 11 Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 1 ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, 21 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; 1 КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, 3 ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, 3 «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 3 Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, 11 «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, 1 Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, 2 Жалпыұлттық тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты; 3 «Отан» орденінің иегері, 1 «Барыс» орденінің иегері, 6 «Парасат» орденінің иегері, 16 «Құрмет» орденінің иегері, 1 «Достық» орденінің иегері, сонымен қатар 6 профессор, 9 доцент, 1 PhD докторы бар.

Театр ұжымының жеткен жетістіктері

1996ж. – Халықаралық экспериментальды театрлар фестивалі, «Абылайханның ақырғы күндері» спектаклі, жүлделі орын (Египет);

1999ж. – «Туғанлық» ІІ Халықаралық фестиваліне қатысушы, (Башқұртстан, Ресей);

2000ж. – «Жібек жолы» халықаралық фестиваліне қатысушы (Германия);

2007ж. – Халықаралық фестивальге қатысушы (Тәжікстан);

2008ж. – Қазақстан және Орталық Азия театрларының халықаралық фестивалі, «Сұлу мен суретші» спектаклі, Бас жүлде;

2009ж. – «Ұлы Жібек жолы» халықаралық фестиваліне қатысушы (Корея);

2010ж. - Халықаралық фестивальге қатысушы (Түркия, Конья қаласы);

2011ж. – Халықаралық фестивальге қатысушы, (Түркия);

2012ж  - Д.Исабеков драматургиясы бойынша өткен 1 халықаралық фестивалі, «Жаужүрек» спектаклі, арнайы жүлде;

2014ж. – «Белая Вежа» халықаралық фестивалі, «Бейбарыс сұлтан» спектаклі ағылшын тілінде (Беларусь елі, Брест қаласы);

2015ж. – ҮІІІ «Мың тыныс және бір дауыс» атты Түркі халықтары театр фестивалі, «Сұлтан Бейбарыс» спектаклі, (Түркия, Конья қаласы);

2015ж. – Халықаралық «Наурыз» түркі халықтары фестивалі, «Қорқыттың көрі» спектаклі (Ресей, Татарстан астанасы Қазан қаласы);

2015ж. - «Арт-Ордо» халықаралық фестивалі, «Қас-қағым» спектаклі, Бас жүлде (Қырғызстан);

2015ж. - Р.Отарбаев атындағы Халықаралық театр фестивалі, «Сұлтан Бейбарыс» спектаклі, Бас жүлде (Атырау қаласы).

Дереккөз: auezov-theatre.kz