Weekend
Алматы – еліміздегі үздік туристік орталықтар мекені
Алматыдағы туризмді дамыту шаралары
Елімізде құрылған алты мәдени-туристік кластер туралы білетін шығарсыз. Сол кластерлердің қатарына «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы» ретінде кірді.
Халықаралық «Китф-2018» көрмесіне әлемнің 30 елінен 340 туристік компания, соның ішінде, Алматы облысының стендін қоса алғанда, 19 ұлттық стенд ұсынылды. Бұдан Алматы облысының Қазақстанның туристік орталығына айналғаны көрінеді.
Облыстық туризм басқармасы жанындағы Туризм және ақпараттық қызметтер орталығының кеңесшісі Вера Ежикованың айтуына қарағанда, қазіргі кезде бүкіл әлемде адамдарды ауылдар, табиғат пен ауыл шаруашылығы қызықтырады. Оның айтуынша, туристердің қалаға деген сұранысы жоғары. Соған байланысты ауыл кәсіпкерлері туристерге арнап жақсы жағдай мен дұрыс қызмет көрсетуді қалыптастыруы керек.
Деректерге қарағанда, өткен жылы Көлсайдың өзіне 40 мыңға жуық турист келген. Оның он пайызының шетелдіктер екені анықталды. Олар шаруақожалықтарында болып, ауыл тұрғындарының малын бағып, далада жылқымен серуен құрыпты.
Бұған дейін облыстық туризм басқармасы Қасқелең қаласы, Талғар ауданы, Талдықорған және Қапшағай қалаларындағы туризм саласына байланысты қызметкерлерге түрлі тренингтер ұйымдастырды. Одан бөлек Райымбек ауданындағы қызметкерлер үшін де курстар өткізді. Осындай атқарылып жатқан шаралардың облыста ғана емес, туризмнің елімізде дамуына өз үлесін қосатыны анық.
Алматыдағы үздік туристік орталықтар
Қазақстанның үздік туристік орындарына Алматының біршама ерекше нысандары қосылады. Алматының Қазақстанның басты туристік аймағы екенін ескерсек, елімізге келген кез келген екі туристің біреуінің сапарын Алматыдан бастайтынын байқауға болады. Қалаға саяхаттап келетін туристер саны жыл өткен сайын айтарлықтай артып келеді. Ол шамамен 20%-ды құрайды. Сонымен қатар әлем елдерінен келетін туристер алдағы уақытта «Заманауи Жібек жолы» бағытында саяхаттауға мүмкіндік алады. Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркияның Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттер екені белгілі. Олар «Заманауи Жібек жолы» туристік пакетін әзірледі.
Алматы қаласы бойынша үздік туристік орындар: «Медеу» спорт кешені, «Шымбұлақ» курорты, Үлкен Алматы көлі, Көктөбе саябағы, 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы парк, «Көкжайлау» курорты. Ал Алматы олбысы бойынша: Қапшағай су қоймасы, Көлсай көлдері, «Алтынемел» ұлттық паркі, «Қорғас» халықаралық орталығы, Үлкен Алматы каналы.
Туризм саласы бойынша жеңімпаздар анықталды
6 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында «National Tourism Awards 2019» атты туризм саласының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл - екінші ұлттық жүлде.
Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 114 өтінім келген.
Бұл байқауда 10 аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. Олар: «Жылдың үздік туристік компаниясы» — «Limon.kz» туристік компания; «Үздік гид-экскурсия жүргізуші» — Сергей Дрозд; «5 санаттағы ең үздік қонақ үй» — Astana Marriott Hotel; «4 санаттағы ең үздік қонақ үй» — Green Which Hotels; «3 санаттағы ең үздік қонақ үй» — Park Inn by Radisson Astana; «Үздік шипажай» — «Оқжетпес» емдеу сауықтыру кешені; «Балалар мен жасөспірімдер туризмі бойынша жыл жобасы» «Ұлы дала скауттары» ҚБ; «Туризмді дамытудың үздік жобасы» — «Хабар 24» телеарнасы «Большие города» жобасы; «Туризм туралы үздік блогы» — Асем Орсаева «Сенің Шығыс Қазақстаның» туризм жайлы анықтама; «Оқиғалық туризм бойынша үздік жоба» — «Ұлы дала марафоны» жобасымен «Tengri Ultra» компаниясы.
Сонымен қатар «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ және ұлттық компанияның серіктестері жариялаған 2019 жылғы арнайы аталымдардың да иелері белгілі болды. Олар: «Қазақстандағы туризмнің дамуына қосқан үлесі үшін» — Тугелбай Бекбергенов; «Туризмді дамыту бойынша үздік медиа ресурс» — Kazakh TV; «Қолөнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» Айжан Беккулова; «Ең жасампаз блогер» Сәкен Кагаров; «Туризм саласының жыл меценаты» Сергей Спицын.
Бұл байқауда 4 аталым бойынша Алматылық туризмге байланысты компаниялар мен адамдар марапатталды. Олар: «Жылдың үздік туристік компаниясы» — «Limon.kz» туристік компания, «Үздік гид-экскурсия жүргізуші» — Сергей Дрозд, «Қолөнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» Айжан Беккулова, «Ең жасампаз блогер» Сәкен Кагаров.