Саясат

Мерей Қарт: Әкімшілік әдебиеттен алыстамаса!

Неге осы сала өкілдері елеусіз қалды деген сұрақ мазалайды...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Әдебиет академиясын ашу үшін нақты жұмыстар жасалуда". Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жастар жылының жабылу рәсімінде сөйлеген сөзінен.

ӘКІМШІЛІК ӘДЕБИЕТТЕН АЛЫСТАМАСА!

Кеше Семейде "Жастар жылының" жабылу рәсімі өтіпті. Әр салада жетістікке жетіп, қаламыздың дамуына үлес қосып жүрген жастардың басы қосылған екен. "Жыл үздіктері" анықталыпты. Әнші, спортшы, жайдарманшы, журналист, бәрі жүр.
ӘДЕБИЕТ саласы сырт қалды, көзге де ілінбеді. Абай, Мұхтар, Шәкәрім туған топырақта, жазба әдебиетінің отанында бұндай кемшілік болмау керек еді. "Рухани жаңғыру" бағдарламасына, "Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласына үлес қосатын әдебиетшілер (ақын, жазушылар) емес пе?!

Неге осы сала өкілдері елеусіз қалды деген сұрақ мазалайды...


Бұл Қазақстан жазушылар одағының Семей өңіріндегі филиал төрағасы Мерей Қарттың Facebook парақшасында жазған ойы. Шындығында, әдебиет көрінбей қалды, ол дамымаған сала деп айтуға бола ма?! Әрине, жоқ. Себебі ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан әдебиеттің шоқтығы биік, рухани әлемі кез келген адамның жүрек түкпірінен орын алатын үлкен бір әлем. Бұл әлемнің бүгінгі дамыған технология әлемінен тыс қалуы қателік болар еді.

Жалпы ШҚО облысы, Семей өңірі ғана емес, бұл мәселе жаппай республика бойынша көтеруілуі керек тақырып. Жыл соңы жақындап, желтоқсан болса алдымен "тәуелсіздік күні" емес "есеп-қисап жасау", "марапаттау мен медаль тағу" алға шығып кететінін жақсы білеміз. Медаль тағып, қомақты ақша бермесе де, ақын-жазушыларды, жалпы әдебиет саласында жүрген азаматтарды жігерлендіруге, оларға назар аударға кім әлде не кедергі? Жергілікті әкімдік ескермей қалды деуге ауыз бармайды. Себебі биыл Жазушылар одағы өзінің 85 жылдығын атап өткен жоқ па?! Ол ғана емес күзде өткен Азия форумы ше? Форумдар мен мерейтойлардың қалай өткені немесе кімдер қатысқаны емес, маңыздысы қоғамда әдебиетшілердің бар екенін көрсетіп жатқан ортаның, әдебиет үшін ғұмырын арнаған азаматтардың еңбегі бір жапырақ мақтау қағазына да жарамағаны ма?!

Президенттің тіл, руханият мәселесіне мән беріп, баса назар аударып жүргенін жолдауынан да, күнделікті пікірінен аңғарамыз. Ендеше, тіл мен руханияттың бесігі - әдебиет.