Weekend
Алматы жастарының бүгінгі беталысы
Бүгінде алып шаһар Алматы қаласындағы жоғары оқу орнында білім алып жатқаныма қуанамын. Себебі Алматы – мүмкіндіктер қаласы. Бұл жерге жеткен де арманда, жетпеген де арманда. Мен болашағымды, жұмыс орнымды, тұратын мекенімді толықтай осы қаламен байланыстырамын. Ал енді қазіргі таңда Қазақстан қарқынды даму үстінде. Барлық мамандық иелеріне, білім ордаларына, жастар мен студенттерге мемлекет тарапынан тиімді көмектер көрсетілуде. Қазақстанның болашағы жастардың қолында болғандықтан, жаңа буынның кемелді келешегі үшін керемет мүмкіндіктер жасалынуда.
Ел ертеңі- бүгінгі күннің жемісі болары сөзсіз. Біздің журналистика, филология салалары да Қазақстанның ертеңі үшін айтулы істер атқаруда. БАҚ да даму үдерісінде. Мемлекетіміздің ертеңгі болашағы біздің қолымызда. Болашақ журналист, филолог ретінде қазіргі медиа саласына көңілім толатынын айтқым келеді. Оқу орнымда мұғалімдерім өздерінің тәжірибесімен бөлісе отырып, біздің мықты маман болып қалыптасуымызға барын салуда.
География мамандығының Қазақстан жайлы ойы қанағаттанарлық емес. Себебі Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайы нашарлауда. Әсіресе, еліміздің ірі мегаполисі саналатын Алматы қаласының ауасы күннен-күнге өзгеруде. Иә, мен осы Алматы қаласында білім аламын және болашақта мамандығым бойынша қалама, еліме өз пайдамды тигізгім келеді. Егер күн энергиясын немесе жел энергиясын пайдалана отырып, электр қуатын алуды алдағы мақсатта толықтай жетілдірсек, онда Қазақстан болашақта керемет мемлекетке айналады деген ойдамын.
Бүгінде Қазақстанда қолөнер бағаланбай жатыр. Тек Алматы мен елордамызда түрлі көрмелер республикалық және халықаралық деңгейде түрлі көрмелер ұйымдастырылып тұрады. Алматы мың бояулы қала болғандықтан, бұл қалада бойына сан түрлі талантты жиған дарынды жастар көп кездеседі. Тек сол замандастарымның болашағына алаңдаушылық танытамын. Қолөнер мен сурет өнерін дәріптеуде европалықтардан үлгі алсақ, болашағымыздың жарқын болатынына сенемін. Себебі елімізде ұлттық құндылықтарымызға көңіл бөлінбейтіні алаңдатады. Болашақта біз сияқты өнер ордасында оқитын студенттердің арманы ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, әлімеге таныту. Домбыра сынды баға жетпес байлықтарымызды өзге елдерге танытып, пайдасын көрсету. Мысалы, қазір дүниежүзі қоларбаны қолданады. Дегенмен, оның орнына өзіміздің табиғи таза өнім бесікті ұсынар едім.
Журналистика – әмбебаптықты талап ететін ерекше мамандық. Мұнда «Келдім. Көрдім. Жаздым (айттым)» дегенді ұстанған маман ғана шыңдалады.
Бұл мамандықтың басқа елде білмедім, Қазақстанда болашағы жоқ секілді. Себебі техниканың дамыған заманында бүгінгі күнде екінің бірі ақпарат таратушы қызметін атқарып жүр. Ақпарат тарату – журналистің басты міндеті емес па еді?! Екіншіден, елімізде журналист маман дайындайтын оқу орындарының саны шексіз. Сан көп жерде сапаның азайып, бірізділіктің болмайтыны белгілі. Соңғы себеп Илон Маск ұсынған «Тегін Wi-Fi» жүйесі. Ол енсе, біршама журналистің қысқартуға ұшырайтыны анық...
Өзім журналистикада білім алып жатырмын. Осы жағдайды біле тұра журналист болғым келеді. Себебі журналистика өлсе де, мен өлмеймін емес пе? Бір ескеретін жайт – «Кезі келген журналист болады, кез келген емес».