Weekend

Алматы – Қазақстанның мәдени астанасы

Алматыдағы музейлерге шолу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Алматы – Қазақстанның мәдени астанасы". Қаладағы мәдениет орындары бұған дәлел бола алады. Мұнда ескерткіш, музей, мұражай-үйлерді көптеп кездестіре аласыз. Алматыға келіп, мәдени орындарды аралаған адам Қазақстанның тарихына аз ғана уақытқа саяхат жасай алады. Назарларыңызға қаладағы ерекше музейлерді ұсынамыз. Сіз де тарихқа саяхат жасаңыз.

Алматы музейі

Бұл музей бұрынғы Верный балалар үйінің ғимаратында орналасқан. Алматы музейі 2002 жылы ашылды. Ол қазіргі таңда Алматының бас музейіне айналды. Музей экспозициясы алғашқы қоныстардың пайда болған кезінен бастап бүгінгі күнге дейінгі қала тарихынан сыр шертеді. Музей коллекциялары қаланың 1000 жылдық тарихынан мәлімет беретіндей. Музейде халықаралық конференциялар, көрмелер, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Мәдени орында бүгінгі таңда 40 мыңнан астам экспонат қоры бар. Олар: "Алматының ежелгі тарихы", "Алматының орта ғасырлық тарихы", "Қазақ мемлекеттігінің қайнарында" "Жетісу этнографиясы", "Верный кезіндегі Алматы", "ХХ ғасырдағы Алматы", "Мәдениет пен өнердің дамуы", "Альпинизм тарихы", "Желтоқсан", "Алматы және Елбасы", "Бейбітшілік пен келісім моделі" болып 11 дәуір бойынша бөлініп сақталған.

Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы

Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы - еліміздегі бейнелеу өнерінің шыңы. Музейдің қоры мол. Тек қазақстандық емес, батыс, орыс, шығыс халықтары өнерінің ерекше жинақтары сақталған. Соның ішінде еліміздің кескіндемесі, графикасы толығымен жинақталған. Музейде сақталған суреттерді – Әбілхан Қастеев, Кенбаев пен Ғалымбаева, Хлудов пен Черкасский, Мәмбетев пен Телжанов, Сидоркин мен Зальцман, Жүсіпов пен Шәрденов, Сыдыханов, Айтбаев пен Сариев, Рапопрот пен Есенбаев Пак пен Әжиев, Наурызбаев, Төлеков пен Досмағамбетов, Рахманов пен Мергенов, салған. Сонымен қатар олар музейдегі мүсіндік жұмыстармен айналысқан. Музейдің қорында 22 500-ден аса экспонат сақталған.

Кітап музейі

Бұл республикалық кітап мұражайы – мәдени мекемелер қатарына кіреді. Ол жерде еліміздің жетістіктерін насихаттайтын, кітап мәдениетінің үлгілері сақталған. Бұл музей 1978 жылы ашылған.

Мұражайдың 6 залында еліміздегі кітап шығару ісі толығымен қамтылған. Аталмыш мұражайдың екі залы Қазақстандағыкітап басып шығару ісі мен полиграфияның тарихына арналған. Мұражайдың тағы бір ерекшелігі арнайы құрылғы арқылы схема, карта, диаграммаларды, панорамаларды түрлі түсті жарықпен көруге болады. Мұражай қорында 35 мың кітап бар. Оның ішінде сирек кездесетін 5 мың экспонат сақталған. Ал олардың негізгі бөлігі фотосуреттерден, кітаптардан, көркем және ғылыми материалдардан тұрады.

Музыка аспаптарының музейі

Қазақ халық музыкалық аспаптарының музейі 1980 жылы ашылды. Музейдің бүгінгі күнде қырық жылға жуық тарихының бар екенін байқауға болады. Аталмыш музейдің республика бойынша баламасы жоқ. Қоғамдық құрылыстың алғашқы сәулет өнері құрылысын 1908 жылы сәулетші А.П. Зенков жобалап, ұсынған. Бұл музей алғаш рет қобызшы Ықыластың құрметіне аталып жүрді. Қазіргі кезде аталмыш мұражай қазақ халық аспаптарының жинағын келушілеріне ұсынады. Бұл жерде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ежелгі қазақ халық музыкалық аспаптар мен құнды жәдігерлер сақталған.

Д.А.Қонаев музейі

Қонаев музейі 2002 жылы салтанатты түрде ашылды. Биыл музейдің ашылғанына 17 жыл толды. Музейге тек Қазақстаннан емес, тіпті шетелден де қонақтар келіп, экспонаттарды тамашалайды. Қазіргі кезд бұл музей көрерменнің көзайымына айналып үлгерді. Аталмыш музейдің қоғамдағы рөлі жастарға патриоттық тәрбие бере алуында. Бұл мұражайда 3 мыңға жуық экспонат сақталған.

М.О.Әуезовтің мұражай-үйі

1961 жылы атақты жазушы Мұхтар Әуезов қайтыс болады. Жазушының есімін мәңгілік сақтау үшін ол тұрған үйді мұражай ету туралы шешім қабылданады. 1963 жылы Мұхтар Әуезов атындағы музей-үйі ашылды. Бұл үй екі қабаттан тұрады. Бұл жерде Мұхтар Әуезов өмірінің соңғы он жылын өткізеді. Осы үйде ол «Абай жолы» эпопеясын толығымен аяқтайды. Сәулетші Г.Герасимов үйдің жобасын жасады. Бұл үй жеті бөлмеден тұрады. Бірінші қабатта төрт бөлме, екінші қабатта үш бөлме орналасқан. Аталмыш музей-үйі тарихи әрі мәдени ошағы.