Авторлық ертегі

«Самұрық» ертегісі

Авторлық ертегі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ел аузында ертеректен,

Ертек болған қызық көптен.

Бір ертегі есімде бар,

Айтып соны баяндайын.

Үш жүз жылдар шамасында,

Сонау өзен жағасында.

Бір бәйтерек болады екен,

Орман гүлге толады екен.

Сол бәйтеректің биігіне,

Самұрық құс қонады екен.

Балапандарын өсе келе,

Айдаһар жеп қояды екен.

Жайлы жер іздеп бір күні,

Самұрық жолға шығады,

Арманы болып Жерұйық,

Қанаты әбден талады.

Қанаты әбден талған соң,

Жер бауырлап қалады.

Тыныстап біраз жатқанда,

Қызғалдақты көзі шалады.

Айтшы, қане, қызғалдағым,

Көркі болған кең даланың.

Же жәннаты Жерұйықты,

Іздеп табу арманым.

Қызғалдақ сонда тербеліп,

Күлімдеп қарап досына,

Назданып қана ақырын,

Аяңдап келді қасына.

Өзі мықты, өзі азулы,

Тапсағ егер Ақбарысты,

Арманыңа сол жеткізер,

Содан сұра Жерұйықты.

Жанына келіп барыстың,

Қанатын жайып қонады.

Қай жақта деп Жерұйық,

Ақбарыстан сұрады.

Ей, барысым, сен едің ғой,

Жақсылыққа жаны құмар.

Ақиқатты әрқашанда,

Жүрекпенен нақ ұғынар.

Уайымсыз ұя салып,

Балаларым аман болар,

Жанға жайлы Жерұйықты,

Досың сенің қайдан табар?

Содан барыс бұрылып,

Самұрыққа тіл қатты.

Алдыңғы аяғын көтеріп,

Қазақ жерін нұсқапты.

Асанқайғы бабам айтқан,

Ырыс пенен дәулеті асқан.

Жер жәннаты Жерұйықты

Табар жерің Қазақстан.

Арқасына самұрық,

Отырғызып ақбарысты.

Бірге іздеп Жерұйықты,

Қанша таулар, қыр асты.

Бағыты болып Нұрсұлтан,

Самұрық қанат қағады.

Сол жердегі Бәйтеректің,

Биігіне барып қонады.

Киелі қазақтың жеріне,

Екеуі осылай жетіпті.

Содан бастап самұрық,

Уайымсыз өмір кешіпті.

Әр бақытты таңдарға,

Қуанбайтын жан бар ма?!

Алтын қанат Самұрық,

Самғап ұшар заңғарға.

Мекендеп барыс сол елді,

Қорғап жерін жүреді.

Халық оны қастерлеп,

Қасиетті деп біледі.

Содан бастап Қазақстан,

Қанат жайып өркендепті.

Самұрық пен ақбарыс,

Мәңгілікке мекендепті.

Қазақ елі гүлденіпті,

Азияның барысы боп.

Нағыз мықты ел болыпты,

Білімі мен табысы көп.

Ғажаптар көп айта берсем,

Түсім емес, өңім сенсең.

Бақыттысың егер де сен,

Қазақ боп туып, қазақ боп өлсең!