Weekend

Қазақ қоғамы туралы болашақ журналисттің көзқарасы

Ғасыр біздің өзгерген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Егемендік туын көтеріп, «Тәуелсіз елміз» деп төбеміз көкке жеткенге дейін қуанамыз, мақтанамыз. Осы күнге кімдердердің арқасында жеттік, өткеннің тарихына көз жүгіртіп те қараған емеспіз. 

Қазіргі жастар «қазақпын» деп мақтанады, ал патриоттық сезімі жүрегінде өшіп кеткен. Амангелді Кеңшілікұлының «Қазақты сүю» мақаласын бір демде оқып көзіме жас алдым. Расымен де елімізде болып жатқан барлық оқиғаларды суреттеп ащы шыңдықты халыққа, жоғарғы билік өкілдеріне жеткізе алды деп ойлаймын. Менің қосар ойым:

Біріншіден, қарапайым халық немесе журналисттер осындай кең ауқымды мақала жазса, расымен мемлекетімізге сөз тигізді деп соттатып жібереді. Сол себепті тыныш бір бөлменің бұрышында еліміздің тек көлеңкесі болуға мәжбүрміз. 

Қазақ тілін ойыншық сияқты анда бір, мында бір лақтырдық. Ақыр аяғында латын тіліне аударып жібердік. Қазақ тілімізді құрметтегеніміз осы ма? Латын тілі емес, ағылшын тілі емес пе? Жақсы келістік қолдан келген шара бар ма? Келіспеске еш амал жоқ қой біздей халықта. Ендігі тілімізден айрылдық, дінімізден де айрылып тыңдық ақыр аяғында. Дініміз ислам деп сайрап жүргендер қане? Қазіргі таңда орамал тақсан айтатыны басқа ағымға кіріп кеткен, орамал тартып, сақал өсіретін дін жолында жүрген адамдармен араласпа да сөйлеспе, сенде сондай болып Сирияда соғысып жүрерсін деген сөздерді көп естідік. Міндетті түрде көз жұма салудан басқа амал жоқ. 

Барлық қазынамыз, қазба байлықтарымыз шет елдерге миллиард тоннамен кетіп жатыр: мұнай, газ, көмір т.б. неге? Еліміздің экономикалық басқасы басқа байлығымызды сатудан қандай пайда тауып жатырмыз? Жанынды ауыртады осындай жағдайлар. Президент деп асты-үстіне түсіп мақтаймыз, қорғаймыз. Ол кісінің де елімізге біраз жемістерін алып келді, бірақ та неге ендеше әлі де еліміз өз қарыздарынан құтыла алмады, неге еліміз заң жүйесінен қатал емес, неге елімізде ауылдарды дамытпайды?.. 

Жақында Нұртас Адамбайдың «Әкім» атты киносы жарық көрді. Сол жерде елімізді ашық суреттеп берген. Парақорлық, ашкөздік, ауылды аймақтардың хал-жағдайы, әрине, өкінішті. Осы мәселерді ойластырып, елімізді жақсартса қайда қалды бастық-сымақтар? Қарапайым халық өз күнің әрен дегенде көріп жүргенде олар да бюджеттен біршама ақша жеп, жетім-жесірлердің көз жасында қалуда ғой. Абай аталарымыз мына қазіргі күнімізді көрмегеніне қуанып отырмын, көрген жағдайда не болатының көзіме де елестете алмаймын. Ғасыр ма әлі де адам ба өзгерген? Менің ойымша екеуі де. Қазақ әрқашан қазақ болып туды,қазақ болып өмірден өтеді. Орыс тілді елім ай... бара-бара не болады екен. Қазір осындай әділетсіздікке душар болдық, кейінгі ұрпаққа тарихымыздан, қазақтығымыздан бір кітап болсын жете ме екен? Қайдам!

Қай жерде болмасын, барлық қазақ орысша сөйлейді. Тіліміздің қадір-қасіретін жоғалуы осыдан-ақ байқалары аңық. 

Жастар дейміз...кезінде әке-шешеміздің заманыңда мыңдаған ұялы телефон, ноутбук, ғаламтор т.б. ештене болған емес сол заманда-ақ өмірді сүре алды ғой. Иә, XXI ғасырдың ағымы осындай. Ұялы телефонды беттеріне жабыстырып алып жүреді, мүлдем тастамайды. Өмірінің бөлшегі секілді, ұялы телефон болмаса жындыханадан шығатын сияқты көрінеді. Оның үстіне жастайынан тұрмыс құрып, отбасылық өмір ұзаққа бармай ажырасып, балаларынан бас тартатын да біз - қазақтар. 

Неге осы біз? Барлық жағдайда жапа шегеміз, бақытты тыныш бейбіт өмірді қашан көрер екенбіз.

Осы тақырыптың жалғасы ретінде қысқаша өлең жазуды жөн көрдім:

Сырттан желдей есетін

Өсек болды-ау бұл заман...

Көре алмай сыртыңнан

Ғайбат айтар бұл заман...

Қанша айтсаң шыңдықты

Сенімі жоқ... бұл заман...

Дос дегенін қалмады

Жалған бәрі бұл заман...

Керек кезде қолданып 

Кете барды... бұл заман...

Адам түгіл уақытты 

Алдады ғой бұл заман..

Өтірікке құмартып

Арбады әбден бұл заман...

Төзе алмай сынаққа

Жылатты ғой бұл заман...

Адастырып жастарды

Улады ғой бұл заман...

Түзу жолдан тайдырып 

Көз байлаған бұл заман...

Көрмегенді көргенбіз 

Көрсетті ғой бұл заман...

Қоқыстарға баланы 

Тастатты гой бұл заман...

Ата-анадан айырып

Жетім қылды бұл заман...

Арақ, шарап дегенін 

Арандатты адамды

Ертеңіміз бүгін де 

Қандай болар о заман?

Ібілістің соңынан 

Ерітті ғой бұл заман ...

Бұрынғыдай болмайды 

Тыныш емес бұл заман...

Заман, заман, бұл заман

Қиын мынау бұл заман

Енді өзің ойлашы...

Заман ба бұл адам ба?

Салыстырма өзгемен 

Айтпай-ақ та білемін

Ғасыр біздің өзгерген.