Weekend

Шымкентте ағылшын тілінде тәрбие беретін балабақша бар

Үш тіл

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үш тілде білім беретін балабақша осы жылы жазда ашылған. Бір уақытта 900 баланы қабылдай алады.

Жаңа үлгіде салынған бөбекжай 31 топқа арналған. Онда балаларға арналған  ойын бөлмесі, асхана, музыка залы,  салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорт залы,  әр топқа арналған ойын алаңшалары бар. Бұдан бөлек, балалардың денсаулығын қадағалайтын медбике бөлмесі, балалардың психологиялық ерекешіліктерін қадағалайтын психолог, логопед және ұстаздар бөлмелері бар. Мұнда ұйымдастырылған оқу- іс әрекеттері  қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Сондай-ақ, бүлдіршіндердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балабақша бөлмелері ойын алаңшалары, жатын бөлмелер, дәліздер  бейнекамерамен жабдықталған.