Weekend

Еліктегеннен не табамыз?

Еліктеушілік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дүниежүзінде 140 мемлекет, 2000-ға жуық ұлт өкілі бар. Әр халықтың өзіндік рухани байлығы – мәдениеті, ұлттық әуені, салт-дәстүрі бар. Осыған орай қазіргі таңда халықтардың арасында еліктеушілік байқалады. Дәлірек айтқанда, біздің халықта. Әрине, ол мәдени ортаға еліктеушілік.

Оған не себеп? Еліктеушілік қызығушылықтан басталады.

Батыстың мәдениеті, киіну үлгісі, музыкасы – әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Сол секілді Оңтүстік Кореяның да, Түркияның да еліктірер дүниелері дамып жатыр. Олар көбінесе, сериал, фильмдерімен баурап алуда. Субмәдениеттің елімізге келуіне де себепші болған да кәріс халқы.

Әлбетте, сахналық образ, өлең, өнер – оның барлығын өнер тұрғысынан алып қарағанда түсінуге болады. Бірақ ұлттық бірегейлік пен дербес халықтың белгілері жоғалып кетеді деп ойламайсыз ба? «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп Қадір Мырза Әли атамыз айтпақшы, басқа халықтың салт-санасымен танысып, өз ұлтыңдікін дамыту керек емес пе? Тіл де мәдениет, тіпті ажырамас бөлігі десек те болады.

Сырт көзбен қарағанда, басқаның қылықтарын қайталайтын еліктеуші адам өз сүйкімін өзі кетіреді. Ал жүздеген адамдарды елестетіңізші. Әр адамға өзінің жеке қылықтары, мінезі, талғамы жарасымды. Ұлтта да дәл солай. Өзінің ұлттық белгілерін таныта білген халық ерекшеленіп тұрады. Сол үшін дәстүрлі өнерді жаңғыртып, жаңартуға көп күш салу керек. Мәселен, ұлттық ою-өрнек-киім үшін де, сәулет өнері үшін де таптырмас безендіру, т.с.с. көптеген дүниелерді заманауи түрге жаңартып, дамытуға болады.