Weekend
Оқу түсу күйбелеңі
«Махаббат сыз дүние бос» деп Айгерімге ғашық болған Абай тегін айтсын ба? Әй бірақ сол махаббат деген бәлең әркімнің көңіліне шаттық сыйлай бермейтін, дастарханға сыған келіншектің саныдығындағы мейіз, яки, тәтті-тәбір сыңайлы ауыздың сілекейін ағызғанымен дәм татуы қыйын жемтік ас сіпетті шамасы.
Кешегі Төлеген батырдың түбіне жеткенде бір есептен осы махаббат емес пе? Мейлі, Жібектей перизаттың сыйластығы мен пәк сезімінің жолында құрбан болған Төлегенде арман болсын ба? Ех, әркімде бір арман бар Төлеген ғой, Қыз Жібектей қылықтының қыймастығын көріп, қаншама шақырымдарды ат тұйағына бастырып, аңсап –талып, ақырында тағы бір пасықтың жақша ішіндегі махаббатының кесірі тиіп жан тәсілім болды. Есесіне тарихта махаббат дастаны мен өз атын өшпестей ғып қалдырдып кетті.
*Осынау ойлар жаныма маза бермей жүргеніне бірер ай шамасы болды. "Жоқ! Неге?"деймін-ау. Басқа бір нәрсе ойлайын десем болды, көңілімде қансонарда түскен көп іздей қыял шырмақталып, алдыма бір жанның бейнесін алып келе береді. Ол жанның не құдіреті барын кім білсін, алыстан тышқан аңдыған мысықтай іздеймінде жүрем ал көре қалсам итті көргендей марғаудай мысым басылып, жүніп жығылып мыңқыям да қоям. Сыртынан көріп қалсам болды еріксіз есуас адамдай күлімдей берем.
Бұл дерттің алғашқы белгілері сонау қыркүйек айындағы ҚазҰУ-дың журналистика факултетіне қабылдау емдиханында білінген, анығына келсек, сол кезде мен бұл тертті жұқтырып алып, ауырып қалғам. Бұл диагнозды менімен бір мамандықта оқыйтын бір бөлмеде тұратын боз бала мен бойжеткен жанын жатқа білетін, махаббат дертін біраз зеріттеген тәжірибесі ұшан теңіз Ж атты досым қойды. Ал ендеше, маған бұл ауыру қалай жұқты, неден жұқты қысқаша баяндап берсем.
Бастабында аядай ауылдан келген мен үшін ҚазҰУ қалашығының іші адасып кетерліктей көрінетін. Жасыратын несі бар, үйреніскенше біраз адастық та. Сөйтіп басты анда бір, мұнда бір соғып тамашаға батып жүргенде, емдихан басталатын күн де белгілі болған. Менің бұл Алла қаласа, төрт жыл төңірегінде бірге оқып бірге жүретін группаластарымды алғаш көретін күнім.
Менің бұл емдиханға қатыспай қалуым да мүмкін бе еді, Іңкәр класстасым болмағанда. Он бір жылдық мектепті еркелеп жүріп ілініп салынып бітірген мен ҰБТ-ны да онша бір қарық қып тастамадым. Оның үстіне, өңшең желік қуған үш тентек (жан достарым Е мен Д) кәсіп бастап кәсіпкер боламыз деп желіктіріп қойды емес пе. Сомен не керек біреуден, кейін біреуден ілгері болып өз көңілім онша бір тола қоймайтын мардымсыз да болса бұйырған балымды алып шықтым.
Енді қайтпек керек? Қайда тапсырамын деген ой мыйыма кіріп шықса бұйырмасын, сыныптастарым аудан орталығына шапқылап оқу орындарына қажет құжаттарды ыңғайлаумен болды. Ал мен болсам «Бұйырғаны болар» деп жүре бердім. Шешем «Қайда тапсырасың? Оқу ойыңда бар ма өзі?» деген сұрақтарды күніне он рет қоятын, қайтсін ана жүрегі ғой. Баласы үшін алаңдап мазасызданып жүрді, білем. Кейде келіп "ақшамен болсын оқытамыз қам жеме" деп жұбатып та қояды. Бірақ ауылда береке бар демесеңіз асып-тасып жатқан байлық қайдан болсын. Ақшамен-ақ оқыйын-ақ, оған артыңдағы өсіп келе жатқан бауырларыңның игілігінің тарылатынын біліп тұрып ар-ұятың қайдан жіберсін, одан да оқымай қалғаның мың артық емес пе!
Ал мен болса елде қолға алынып жатқан «Серпін» бағдарламасына тапсырармын немесе кәсіп бастап бала арманымды ертерек қолға алармын, тіптен болмаса әскерге кетіп қалармын деген ойға бекініп іштен тынып жүргем.
Бір күні бір күніне ұқсамайтын ауыл күні бітпес күйбең тіршіліктен жиын тойдан тұрмай ма? Менің күндерімдерімнің дені ендігі ауыл жігіттері сыңайлы малдың жем-шөбін жинауға арналып өтіп жатты. Мұндай өмір маған жақпады десем артық айтқандық шығар, маған салса осылай-ақ күн көруге бармын. Бірақ адам өсіп дамуы тиіс, бір орында тұрақтап қалу жастық ғұмырды ысырап еткенмен бірдей, сондықтан өзге сыныптастарым сыяқты мағанда алып шаһарға түбі жолға шығуым керек болды. Енді біраз күннен соң шығармын деп жоспар құрып жүргенде, жоспарымды түс ауа шалынған сыныптасымның қоңырауы жеделдетіп жіберді.
Шаппалықта көне трактор ішінде болашағымды армандап мүлгім отырған мені қалтамдағы ұялы телефонның дірілі селт еткізді, тракторды өшіріп кабинасына шығып тұтқаны көтердім.
Сыныптасым Іңкәр екен. «Ало, Қошкелген қалайсың? Қайдасың?» деп сұрақтарын жаудыра кетті.
«Мен жұмыстамын, Іңкәр кешке қарай хабарласармын» дедім де тұтқаны қоя салдым.
Телефоным мазасыздана қайта шырылдады. «Ало, әй күшік! Қайдасың? Елдің бәрі грантты алып болатын болды» деп саңқ етіп тұтқаның аржағынанан Әсем тәтенің (Іңкәрдің мамасы) мейіріммен қатқылдық аралас үні шықты.
«Тәте қалайсыз, қалыңыз қалай? Бұйырса болатын шығар» деп қоям.
«Аман-сәлем алған соң , Алматыға Д-ны тауып ал да тарт екеуің» деп бұйрық берді.
"Не де болса қалаға шығу керек" деп шештім. Содан ауылға қайтып келіп Д досымның дерегін іздестірдім, сөйтсем сабазың мені Талдықоғанда күтіп жатыр екен. Үйіне барып құжаттарын алдым, құжат деймін-ау екемізде тек жеке куәлік пен 4-ке тұздық сепкендей ғып қойған 5-тері бар сырты кір көтеретін көк түсті аттестат қана бар. Міне солай Алып қала Алматыдан бір-ақ шықтық. Біз келген күні құжат қабылдаудың соңғы күні екен, біздің ауылдан екенімізді ескеріп құжаттарды біртіндеп толықтай жатарсыңдар деп аттестат пен куәлік арқылы ғана үміткерлер тізіміне енгізді.
Жалғасы бар