Weekend

Мәдени астана мәртебесінің берері көп

Тарихи-мәдени мұра

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің мәдени астаналарын белгілеу жөніндегі игі бастама алғаш рет 2010 жылы Беларусь астанасы – Минскіде көтерілген болатын. Бұл мәселе ТМД-дағы Тарихи-мәдени мұра жылы аясында Мәдени-гуманитарлық саладағы қарым-қатынас органдары басшыларының ІІ Үйлестіру мәжілісінде сөз етілген.

Сол жылы 4 қазанда Мәскеуде өткен ТМД елдері мәдени қарым-қатынас жөніндегі Кеңесінің ХХV мерейтойлық жиынында «ТМД-ның мәдени астаналары» мемлекетаралық бағдарламасы тұжырымдамасының жобасы мақұлданған. 2011 жылы Гомель (Беларусь) және Ульяновск (Ресей Федерациясы) ТМД-ның алғашқы мәдени астанасы деп танылған. 2012 жылы (Астана, қазіргі Нұр-Сұлтан, Қазақстанның елордасы) мен Мары (Түркіменстан) ТМД-ның мәдени астанасы атанған. Сол жылғы 5 желтоқсанда Ашхабадта (Түркіменстан) аталмыш мемлекеаралық бағдарламаның Ережесі бекітілген. «ТМД-ның мәдени астаналары» мемлекетаралық бағдарламасына Атқару комитетінің төрағасы – ТМД-ның атқарушы хатшысы Сергей Николаевич Лебедев жетекшілік жасайды.

ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін 2013 жылы Габала (Әзербайжан), Гюмри (Армения), Могилев (Беларусь); 2014 жылы 1000 жылдық тарихы бар Алматы (Қазақстандағы екінші мегаполис), Ош (Қырғызстан); 2015 жылы Воронеж (Ресей Федерациясы), 2700 жылдық бай тарихы бар көне Куляб (Тәжікстан); 2016 жылы Дашогуз (Түркіменстан); 2017 жылы Шығыстың атақты ақындарының бірі - Низами дүниеге келген Гянджа (Әзербайжандағы екінші ірі қала); 2018 жылы Горис (Армения); 2019 жылы Батыр қала – Брест (Беларусь) иеленген. Мұндай дәреже 2020 жылы 2200 жылдық бай тарихы бар Шымкентке (Қазақстандағы үшінші мегаполис), 2021 жылы Душанбеге (Тәжікстанның астанасы) берілген.

Беларусьтың Брест қаласынан эстафетаны қабылдап алған Шымкенттейін шырайлы шаһарда жүздеген, соның ішінде 15 Халықаралық, республикалы деңгейдегі мәдени-гуманитарлық шаралар өткізу жоспарланған. Бұған қоса-қабат ЮНЕСКО аясында атап өтілетін Шымкенттің 2200 жылдық мерейтойына орай да көптеген ізгілікті де игілікті жұмыстар атқару көзделген. Ескі қала орны – Цитадельде ашық аспан астындағы музей, 500 орындық амфитеатр ашылады. Қысқа қайырып айтқанда, ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесінің Шымкентке, қала тұрғындары мен қадірменді қонақтарына көл-көсір қуаныш сыйлайтын болады.

Әбдісаттар ӘЛІП,

журналист, ақын, аудармашы, Қазақстан Журналистер және Халықаралық Жазушылар одақтарының мүшесі