Саясат

Өзіл әлемді өзіне қаратты

Қытайдағы мұсылман қауымы қорлық көріп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың күйеу баласы құрметті Әли "Егер сіз қудалаудың алдын ала алмасаңыз, оны жария етіңіз" деген.

"Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданындағы мұсылман бауырларымыз қорлық көріп жүр.

Олар жалғыз өздері болса да ислам дінінен безіндіріп жатқандарға қарсы күресуде. Қытайда Құран кітабын өртеп, мешіттер мен арнайы медреселерді жабуда. Бірақ әлемдегі мұсылмандар осының барлығын көре тұра үндемейді. Олар осы қуғын-сүргін жайлы тіс жармай, көніп отыр" деп Арсенал клубының танымал ойыншысы Месут Өзіл өзінің твиттер парақшасында мәлімдеме жасады.

Бұл пікір аз уақыт ішінде талай адамды дүрліктіріп, саясат әлемін шарлап кетті.

Ал, Қытай Арсенал клубының алдағы ойындарын көрсетпеуге шешім қабылдады.