Weekend

Шымкент мектебінде «Желтоқсанда үзілген жауқазын» атты тақырыптық әңгіме өтті

Білім беру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде, кітапханашылардың ұйымдастыруымен, 16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай патриоттық апталығы іс-шара жоспарына сәйкес «Желтоқсанда үзілген жауқазын» атты тақырыптық әңгіме болып өтті.


Мұндағы мақсат – балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, олардың ерлігі жайында терең мағлұмат беру.

Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.

Іс-шараға 6 сынып оқушылары қатысып, еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасалып,  Тәуелсіздік туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды.