Саясат

Тәуелсіздік туралы бірер сөз

Мақала

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қыс мезгілі келіп сайын даланы ақ жамылғысымен орап, жер бетін әсемдікке бөлеу үстінде, күн нұрына шағылысқан қарлар көз қарықтырады. Дала бейкүнә қалыппен өмірген келгендей. Сұлуда, ғажап, өзіндік табиғатқа ерекше өң беріп тұр, тамылжыған құбылысқа сүйсіне қарай бергің келеді. Таңданарлық көріністен бірер сәтке ауысып, біраз жыл артқа ой жүгіртсек.

Осыдан 33-жыл бұрын желтоқсан айының 16-шы жұлдызы. Біздің аға-әпкелеріміз ел үшін, егемендік жолында күрескер болып жатқан кез. Алаңда өрімдей жастар топтаса жиналып, өздерінің наразылықтарын білдіруде. Қазақ халқына өзге ұлт өкілі емес. Тек қазақы салт-дәстүрді, мәдени мол мұраны бойына сіңіріп өскен басшы керек екенін үндеу үстінде. 

Сол кездегі Кеңестік саясаттың аяусыз, мейірімсіз, өр көкіректігі соншалық. Шереуілге жиналған жастарды жау ретінде санап, оларды адам айтса сенгісіз азап түрлеріне салуы, жалған кінә жауып абақтыға тоғытуы жаныңды түршіктіреді. Тек абақтыға жауып қана қоймай ол жерде де небір сорақы қорлықтарды жасағаны, ұлт мүддесін қорғаған  Қайрат, Ләззәт, Ербол секілді аттарын айта берсек тауыса алмайтын ұлтшыл жастардан айырды. Орыны толмас өкініш, зор қайғы. 

Алаңда бой көрсеткен ерлерді ұрып, соғып, одан қалса мүгедектік жағдайға дейін келтірген. Нәубетті қаралы кезең. Осы күні бір-бір үйдің ардақты әкесі болып отыратын, батырларды жер құштырды.

Шереуілге қатысқан қыз балаларды зорлап, қорлап ар-намысын аяққа таптап, гүл өмірін солдырып, жастығымен ерте қоштасуға мәжбүр еткен. 

«Тәндік жараны қанша мәрте салсада жүрегінде ұлтым» – деп соққан жалынды өшіре алмапты. Бұл да біздің ата-бабамыздың қан арқылы сіңген ер жүректігі шығар. Дүние байлығынан рухани байлықты биік қойған, өз өмірінен ұлт болашағын артық көрген халықпыз.

Бізге осыншалықты қиныдықпен жеткен Тәуелсіздікті жыл сайын жаңа жыл алдында еске алып, өткенге бір сәт ой жіберсек жақсы болар еді.