Weekend
Мұражайлар
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Музей бойынша экскурсия жасай отырып, сіз тарих беттеріне саяхатқа аттанасыз.
Сонымен Шымкенттің тақырыптық музейлер тізімін ұсынамыз:
1.Тарихи-өлкетану музейі
Мұражайдың салтанатты ашылуы 1920 жылдың 22 тамызында өтті.
Мұражайдың жалпы ауданы 2541,81 шаршы метрді құрайды, ал экспозициялық залдардың ауданы 1060,12 шаршы метр. Мұражай залдан тұрады: "табиғат, палеонтология, археология", "этнография", "Қазақ хандығы және жаңа ғасыр", "Тәуелсіз Қазақстан".
Бүгінгі таңда мұражайда оның филиалдарымен бірге 88 709 экспонат жиналған, оның ішінде 57 640 негізгі қор және 32 869 ғылыми - қосалқы. Мұражайда 6500-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиеттері бар ғылыми кітапхана жұмыс істейді.
Жылына мұражайға 100 000 адам барады. Олар үшін 250-ден астам дәріс оқылады, 1000-нан астам экскурсиялар және 90-ға жуық көпшілік іс-шаралар өткізіледі, 100-ден астам тұрақты және жылжымалы көрме⚱ ұйымдастырылады.
2. Бейнелеу өнері музейі
Бейнелеу өнері мұражайы 1989 жылы тарихи-өлкетану мұражайының бейнелеу өнері бөлімінің негізінде ашылды. Мұражай орналасқан ғимарат республикалық маңызы бар 19 ғасырдағы сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады. Алғашқы топтамалары – Қазақстан суретшілерінің кескіндеме туындылары, графика, мүсін өнері 60-шы жылдары Алматы қаласының картина галереясына тапсырылды, сондай-ақ, жергілікті суретшілерден кеңестер алынды.
3. Д. А. Қонаев музейі
4. Хәкім Абай музейі
Хакім Абай музейінің ашылу салтанатына 2009 жылы 22 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев келіп, алғашқы көрермені ретінде жаңа ашылған музеймен танысып, өзінің оң бағасын берді. Сондай-ақ бұл салтанатқа облыс әкімі, қала басшылары, зиялы қайуым өкілідері, мәдениет саласының қызметкерлері және жергілікті абайтанушы ғалымдар қатысты.
Хакім Абай музейі қалалық білім бөлімімен және жоғары оқу орындарымен іс-шаралардың жоспарын түзіп, осы жоспарларға сәйкес музей қабырғасында әр түрлі іс-шаралар өткізеді. Музейде өткен іс-шаралардың барлығы Абайдың ақындық және хакімдік мұрасын халық арасында кеңінен насихаттау, жастардың Абай туралы ой-өрісін кеңейту, Абай шығармашылығын насихаттау, жастар арасында отансүйгіштік сезімді арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау мақсатында өткізеді.
«Ерлік» мұражайы 2012 жылы желтоқсан айында ОҚО әкімі Асқар Мырзахметовтың тікелей тапсырмасымен жасақталып, ашылды. 2013 жылы 19 шілдеде облыстық тарихи-өлкетану мұражайының филиалы болып бекітілді.
6. Мұхаммед Пайғамбардың музейі
7. Қылует этнографиялық музейі
Шымкент қаласының «Тұрлан экспедициясы» шағынауданында орналасқан этномұражай Қарабдаловтың ғана емес, өнерлі ұлттың жетістігі болып отыр. Мұражай 2004 жылдан бастап жұмыс iстеп келедi. Онда Кендебай ағаның қолынан шыққан әртүрлі бұйымдарды тамашалауға болады. Сондай-ақ Отырартөбе қалашығында, басқа да жерлерде археологиялық қазба жұмыстарына қатысқан кезінде табылған ерекше жәдiгерлерді де Кендебай аға сақтап отыр. Кендебай аға үйiнiң алдына саз илейтiн, одан балшық күйiндегi қалыпта әзiрленген құмыраларды, сырнайды отқа күйдiретiн жерошақ орнатып, кешендi шеберхана да ұйымдастырған.
Мұнда келушілер отызыншы жылдары Ф.И. Голошекиннің «Кіші Қазан» саясатымен 3 млн адамның өмірін қиған ашаршылық пен қуғын сүргінге ұшырағандардың қысқаша тарихымен және басқа да оқиғалармен таныса алады.
9. «Даналар мұрағаты» саябағы
Ашық аспан астындағы музей