Weekend
Қара аққулар
«Қара аққулар» теориясы ең алғаш, ғалым әрі нарық әлемінің практигі Нассим Талебтің «Одураченные случайностью» кітабында кездескен еді.
Теория тарихты өзгертететін кездейсоқ жайдайлар жайлы, сонымен қоса біріншіден айтуға мүмкін емес жәйттар мен екіншіден оқиғаның мүмкін емес жағдайларын болжаумен ерекшеленеді. Қара аққулар глобальды және персональды немесе позитивті немесе позитивті емес болып бөлінеді. Оларға финанстық кризис, өлім, кездейсоқ лифттегі кездесу т.б. жатады. Бұл мәселелерге келмес бұрын, теорияның неге бұлай аталғандығына тоқталып өтсек.
Автор өмірде кездесетін тосын сыйды «қара аққу» деп атады. Себебі бұл табиғатта қара аққудың болуы ұзақ уақыт бойына түсініксіз болып көрінді. 1697 жылға дейін аққулар тек ақ түсті деп есептелінді. Бірақ та Виллем де Вламинк бастаған Голландия экспедициясы Батыс Австралияда қара аққулардың популяциясын тапты. Енді қара аққу Солтүстік Австралияның жалауында бейнеленді. Алғашқы қара аққудың ашылуы орнитологтар үшін де үлкен тосынсый болды. Осы уақытқа дейін ешкім мұндай нәрсені болжай алмады, өйткені бәрі аққулар тек ақ түсті болады деп сенген болатын. Бұл факт ғалымды ең керемет оқиғалардың басталу мүмкіндігі туралы теорияны алға тартты.
«Қара аққу» сөз тіркесін ежелгі Рим ақыны және сатирик Ювенал «қара аққу сирек кездесетін құс» (лат. Rara avis in terris nigroque simillima cygno) деп айтқан болатын.
Ал ғалым Талебтің айтуынша, әмбебап шешімдер жоқ, әр жағдайды жеке қарау керек. Яғни. одан әрі өмір сүрудің сәті адамның мұндай жағдайларға қалай бейімделуіне тікелей байланысты болады. Сондықтанда қара аққулар тарихта болған және олар әр адамның өмір сүруіне серпін береді деген тұжырымдама пайда болды. Бұл теория бойынша кез келген уақытта тосыннан жағдай орын алуы мүмкін. Тек оған бейімделе алу керек.
Осындай «қара аққудың» мысалына 2008 жылы қыркүйекте банкот болған Lehman Brothers банкін алып көрсек болады. Ол тек Америка Құрама Штаттары үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қаржы жүйесіне де жағымсыз салдар әкелді. Сол уақытта банктің міндеттемелері алты жүз миллиард доллардан асатын еді. Инвестицияларынан айрылған инвесторлар дамушы нарықтардағы позицияларын жоғалтып, долларға көшуге кірісті. АҚШ қаржы органдарының әрекеттері дүрбелеңді тоқтатуға көмектесті, бұл жаһандық депрессияны әлемдік экономикалық деңгейге дейін бәсеңдетті. Жаһандық экономиканы дамытудың одан әрі жағымсыз сценарийлерін болдырмады. Тұтастай алғанда, бұл оқиғалар көбінесе қара аққулардың теориясы аясында адамзат дәл болжай алмайтын құбылыстың мысалы ретінде келтіріледі. Өйткені ол бұрын-соңды мұндай жағдайды кездестірмеген.
Насим Николас Талеб (1960 ж.т.) - математик, саудагер, бизнесмен және философ, Ливанның тумасы, қазір АҚШ-та тұрады. Талебтер отбасы азаматтық соғыс басталғаннан кейін 1975 жылы Ливанның Амиун қаласына жер аударылды. Нассим Лондон мен Нью-Йорктегі брокерлік фирмаларда басшылық қызметтер атқарады, сонымен қатар биржада жұмыс істеді. Кейіннен өзінің жеке компаниясы - Empiric Al-S-C хедж-фонды қорын құрды. Оған қоса, Талеб «Динамическое Хеджирование», «Одураченные случайностью», «Черный лебедь» және «Антихрупкость» деген сияқты танымал жұмыстардың авторы.