Weekend
Мәдени ошақ
Д.А. Қонаев мұражайы екі экспозициялық залдан тұрады. Бірінші экспозициялық зал Д.А.Қонаевтың «Балалық шағы мен студенттік кездері және еңбек жолының басталуы», екінші экспозициялық зал «Д.А.Қонаев саяси және қоғам қайраткер» тақырыбын қамтиды. Мұражай қорында 3 мыңға жуық жәдігер жинақталған.
Мұражай жәдігерлері қарапайым шаруа баласының тау-кен инженерінен үкімет басшысы деңгейіне көтерілген, тіптен бұрынғы Одаққа, шет елдерге де танымал болған еңбек жолын көрсетеді.
Д.А. Қонаевтың қызметте өсу баспалдақтары мен қоғам қайраткері ретінде қалыптасу жолы жайлы осы деректер мен тарихи мағлұматтар музейде сақтаулы.
Алғашқы бесжылдықтар кезінде еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев алып құрылыстарды салу кезінде қаншама күш-жігері мен қажыр-қайратын, ерік-жігері мен талантын жұмсады. 1942-1952 жылдар аралығында Д.А. Қонаев Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі, кейіннен Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып қызмет істеген жылдары ол еліміздің ауыр индустрия өнеркәсібін, транспорт, байланыс және қорғаныс салаларына басшылық жасады.
ЮНЕСКО-ның шешімімен 2004 жылы Әбілхан Қастеевтің 100 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді. 2004 жылдың 15 қаңтарында Әбілхан Қастеевтің мерейтойлық көрмесінің салтанатты ашылуы болды. Көрме суретшінің күллі шығармаларын қамтыды. Атап айтар болсақ, 400-ден аса акварельдік және кескіндеме туындылары, фотоқұжаттар, суретшінің жеке заттары, кинохроника музейдің үлкен төрт залдарында қойылды.
2005 жылдың қаңтарында Әбілхан Қастеевке Алматы қаласының әкімі И. Н. Тасмағамбетовтың және қала басшылығының тікелей қаржылық қолдауымен ескерткіш ашылды.
Бүгінде Ә. Қастеев атындағы МӨМ еліміздегі бейнелеу өнері саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту ісіндегі ірі көркемсурет музейі болып табылады. Музейде Қазақстанның бейнелеу өнері, Қазақстанның қолданбалы өнері, шетел классикалық өнері, жаңа дәуірдегі шетел өнері, қорлар, қайта қалыпқа келтіру, көрме және экспозиция, насихаттау және экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат және баспа ісі сынды 9 ғылыми орталық жұмыс атқарады. Қазіргі таңдағы музейдің қоры өзінің көркемдік деңгейінің жоғарылығымен көптеген әлемдік жинақтардан еш қалыспайды. Музейдің аса бай қорындағы 22500-ден астам кескіндеме, графика, сәулет және Қазақстанның, Ресейдің, Еуропаның, Американың, Шығыс елдері халықтарының қолданбалы өнерінің баға жетпес жұмыстары музейдің негізі қорындағы туындылар.
Мәдениет әрқашан тарихпен тығыз байланысты. Бұл әсіресе, қоғамдық өмірдің сан алуан сыры күмбірлеген күй мен шырқалған әндерден көрініс тауып отырған. Ақын-жыраулар көбіне тарихи оқиғалар жайында толғаса, ол жырлар өз заманының шежіресі болып қалғандығы белгілі. Ал аңыз, өлең, музыка ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалып отырады. Міне, сол халықтың музыкалық аспаптарын бір жерге тоғыстырып отырған Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі бүкіл Орта Азия аумағындағы алғашқы болып құрылған бірегей музейлердің бірі. Сонымен қатар, дүниежүзі бойынша халық музыка аспаптарына арналған бесінші музей ретінде әлемдік музейлер тарихында өз орнын айшықтады.
Музей – мәдениет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың ұйымдастыруымен XX ғасырдың 80 жылдары құрылды. Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №358-р санымен 1980 жылдың 1 тамызында Республикалық халық музыкалық аспаптар музейін ашу туралы Үкімет жарлығы шықты. Аталған жылдың тамыз айынан бастап музей тарихында тұңғыш директор болып ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, өнер зерттеуші, күйші Жарқын Шəкəрім тағайындалды [2, 6 б.].
Музей ғимараты өзінің ерекше пішінімен көз тартады. 1908 жылы атақты Верныйлық сәулетші Андрей Палович Зенковтың жобасымен тұрғызылған ғимарат «Ропетовский» стиліндегі ағаш сәулет өнерінің ерекше үлгісі. Музей ғимараты Офицерлер жиналысының бұрынғы ғимаратында орналасқан. Қазіргі таңда Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімінде . Бұл мәдени орын алматылықтар мен қала қонақтарының әсем демалыс орындарының бірі болып табылатын, «28-гвардияшы-панфиловшылар» атындағы паркте орналасқан. Сондай-ақ Алматы қаласындағы ең танымал әрі ең көп баратын мәдени орындардың бірі.
Еліміздің тарихындағы тұңғыш Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі 2015 жылдың 1 желтоқсанында ашылған. Бұл жерде қазақ халқының батырлық жылнамасы болып табылатын барлық жәдігерлер жинақталған. Музей 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың сәулеттік идеясымен салынған ғимаратта орналасқан. Бірінші қабатта, «Қазақстан Қарулы Күштерінің залы» орналасқан.
Залда еліміздің Қарулы Күштерінің әскер түрлері: Құрлық әскерлері, Әуе қорғаныс күштері және Әскери-теңіз күштері экспозициясы бар. Мұнда алғашқы қазақстандық снаряд, танк, әскери самолеттер, әскери вертолеттер мен әскери кемелердің макеттерін көруге болады.
Долинка кентіндегі «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» мұражайы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына, облыс әкімінің 2001 жылғы 24 ақпандағы Үкіміне, Шахтинск қаласы әкімінің 2001 жылғы 30 қарашадағы Шешіміне сәйкес құрылды.
Мұражайдың жалпы көлемі — 166,9 ш.м., экспозициялық – 78, қор – 10 ш.м..
Тақырыптық көрмелер
«Қазақстан: кеше, бүгін, ертең»
«Сарыарқа жолдарымен» (Қарағанды суретшілерінің көрмесі)
«9 мамыр — Жеңіс күні»
«Қуғын-сүргін жылдарындағы Украина халқы»
«Сталиндік қоныс аудару саясаты»
«Әйелдер – Қарлаг тұтқындары»
«Қарлаг суретшілері»
«Қарағанды облысында көмір өнеркәсібінің дамуы»