Weekend

Хайуанаттар бағы: Алматыдағы бақ несімен ерекшеленеді?

Қаладағы хайуанаттар бағы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы хайуанаттар бағы 1937 жылы құрылған. Көлемі - 22 гектар. Бақтағы жануарлар 6 секцияда орналастырылған: жыртқыш сүт қоректілер, тұяқтылар, приматтар, құстар, экзотариум мен аквариум.

Алматыдағы бақта топтамасында 5 мыңға жуық жануарларды құрайтын 400-ден астам хайуанаттың түрі бар. Олардың 28 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына, ал 71 түрі табиғатты қорғау Министрлігінің Қызыл кітабына енгізілген.

Экзотариумда тасбақаның бірнеше түрі бар. Олар: қызыл құлақты, дала, қызыл аяқты, бабырлы, тырнақты және т.б. Бауырымен жорғалаушылардың ішінде жолбарысты және торлы питондар, су айдаһары, хамелеондар, ысылдағыш улы жыландар, египет улы жыланы және тағы басқалар келушілерді аса қызықтырады. Сонымен қатар мұнда куба қолтырауыны, сиам қолтырауыны және қолтырауын кайманы да көруге болады.

Алматы хайуанаттар бағы – барлық жыртқыш құстар тұқым беретін Еуропа мен ТМД елдерінің хайуанаттар бақтарының ішіндегі жалғыз бақ. Құстардың сирек түрлерінің тұқымын беру бойынша ЕЕР бағдарламасымен қарастырылған үлкен күмбез тәрізді темір қораларда дала бүркіті, қозықұмайлар, құмайлар, субүркіттер мекендейді. Көлдер мен тоғандарда аққулардың, үйректердің, қаздардың тырналардың әр түрлері мекендейді. Барлық құстардың ең ірілері де бар, олар – эму мен казуар.

Хайуанаттар секциясының мақтанышы оңтүстік-африка керіктері, ала құландар, азия пілдері, мүйізтұмсықтар мен сусиырлар болып табылады. Бұғылардың ішіндегі ең ірілері – бұқар бұғысы мен марал. Мұнда дақты бұғылар, кербұғылар, еліктер, арқарлар, сібір ешкімүйіздер, мүйіздері бұралған текелер, жабайы қойлар, жабайы ешкілер, қойлар және Пржеваль аты да бар.

Алматы хайуанаттар бағында мысық тұқымдастар жыртқыш аңдар: арыстандар, амур және бенгал жалбарыстары, қарлы барыстар, парсы және қиыр шығыс қабыландары, қара бабырлар, ягуарлар мен сервалдар мекен етеді. Жер жүзінде мекендейтін аюлардың жеті түрінен хайуанаттар бағында екі түрі бар: ақ аю және гималай аюы.

Маймылдар тұратын темір торлардың жанында үнемі адам көп. Мұнда мартышка мен макакалар, гамадрилдер, аққолды және күміс гиббондар, шимпанзе, шығыс колобус пен қызыл лемур вари бар.

Алматы хайуанаттар бағында жыртқыш құстар, африка керіктері жыл сайын бір-бір тұқымнан береді, сонымен қатар, ала құландар, еуропа кербұғысы, түйелер, Пржеваль аты, аласа жылқы тұқымы (пони), дақты бұғылар, арқарлар, мүйіздері бұралған текелер, жабайы қойлар мен ешкілер, арыстандар, амур жолбарыстары, қабыландар, қара бабырлар, қасқырлар, шимпанзе, макакалар, аққулар, қаздар, тырналар, тоты құстар, түрлі бауырмен жорғалаушылар, аквариум балықтары мен тағы басқалар тұқым береді.

Абақта жануарлар ойдағыдай тұқым беретіні – біздің асырандыларға жақсы жағдай жасалып, олар уақытында тамақтандырылып, жақсы күтіммен қамтамасыз етілгенін негізгі көрсеткіші.