Саясат

Еліміздің жеңіл өнеркәсібін қалай дамытамыз?

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жеңіл өнеркәсіп - қоғамдағы жұртшылықтың әлеуметтік әлеуетін көтеретін сала. Сол сала Қазақстанда қалай қызмет атқаруда?

Жеңіл өнеркәсіп салаларының өндірісі көп. Оларға тамақ өнеркәсібі, шай ауыстыру, жеміс-көкөніс, сүт өндірісі, мақта-мата және т.с.с. жатқызамыз. Жалпы жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындарды күнделікті қолданыс заттарымен толықтырып, әдемі, алуан түрлі әрі тиімді-жоғарғы сапалы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету. Материалдан көрі еңбек пен талпынысты көп қажет ететін, экологиялық жағынан таза, әсіресе, әйел адамдарының қызмет саласы.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібіне келер болсақ, еліміздің жақсы шикізат базаларына мақта, жүн, табиғи былғарыны жатқызуға болады. Дегенмен ол экономикадағы ең бір "шешімін таппаған" сала болып есептеледі. Республикамыздың өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі үлесі 1990 жылы 15,8%-ын құраса, 2000 жылы 2,3%-ға дейін қысқарып, 2011 жылы 0,1%-ға дейін құлдыраған. Қазақстан жеңіл өнеркәсібі саласында тек 2016 жылы ғана жұмыс істеп тұрған 79 кәсіпорынның 27%-ы жұмысын тоқтатқан екен. Жыл ішінде еліміздің тоқыма өнеркәсібіндегі он екі кәсіпорын, киім тігу өнеркәсібіндегі сегіз кәсіпорын тері бұйымдарын шығаратын бір кәсіпорын жабылған.

Жеңіл өнеркәсіптің жақсармағанын көре тұра не істей аламыз? Өнеркәсібімізді тұғырдан түсіріп тұрған қандай мәселе? Еліміздің жеңілөнеркәсібі саласын тұншықтырып отырған - импорт. Яғни, отандық рыноктың шетелдік тауарлары мен импортқа тәуелділігі. Бұл дегеніміз - өз елімізден шығарылған өнімді өндіретін маман иелерінің жетіспеушілігі. Өнеркәсіптің материалдан көрі еңбекті көп қажет ететіндігін тілге тиек еткеріміздей ең алдымен білім сапасын күшейтіп,тәжірибе алмастыру арқылы елдегі жастар арасынан білікті маман иелерін дайындап шығару!