Weekend

«Айран ішкен» құтылмайды!

Мемлекеттік органның басшылары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекеттік қызметкердің кәсібилігінен гөрі, ісіне қаншалықты адал екендігі қоғамдық орта да көбірек талқыланады. Себебі қазақстандағы жемқорлықпен күрес мәселесі күн тәртібінен түскен емес.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сыбайластықтың тамырына балта шабудың бір тетігі басшылар жауаптылығын көтеруде» деген болатын. Осы бағытта кешенді жұмыстар қолға алынып, жақында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов: 

- Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға енгізілген жаңашылықтарды көпшілікке таныстырған еді. Осы заңның қабылдануымен Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі басталды деп сеніммен айта аламын. Бірінші басшы оның тікелей бағынышты қызметкеріне қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті, – дейді. 

Қарамағындағы қызметкер үшінбасшының жұмыс орнын босатуы қаншалықты жемқорлықтың азаюына ықпалын тигізеді деген заңды сұрақ туындайды осы жерде.

Сонымен, кімдер үшін сала басшылары жауап береді. Олар: орталық мемлекеттік органның басшысы, яғни, министр – бұл оның орынбасарлары, жауапты хатшы немесе аппарат басшысы, аймақтық бөлімшелердің басшыларына жауапты болмақ. Әрмен қарай жылжысақ, облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімі үшін – оның орынбасарлары, аппарат басшысы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі; - орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасары (вице-министр) оның қарамағындағы бөлімше немесе тәуелсіз құрылымдық бөлімше басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде қызметінен кетеді. Ал, облыс әкімінің орынбасары жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына жауап береді. Аудан әкімі өзінің орын басарларына, аппарат басшысына, жетекшілік ететін аудандық атқарушы органдардың басшыларына, ауыл, кент, ауылдық округтердің әкімдеріне жауап береді. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшіні осы лауазымға тағайындаған лауазымды тұлғаға орнынан кету туралы өтініш жіберіледі. Бұл жерде, басшыларға бағынышты қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауына жол бермеу міндеті жатыр. Басшылардың жауапкершілігін арттыруға да үлкен септігін тигізеді деген мақсатпен аталмыш заң бұл күнде күшіне еніп үлгерді.Нәтиже қандай боларын, уақыт көрсетер.

Сіз не дейсіз?

Алмас ЖҰМАҒАЛИ, заңгер:

– Мұндай шараны, яғни, орынбасары сыбайлас жемқорлықпен ұсталғанда отставкаға кетуді талап етуді дұрыс деп есептеймін. Себебі, отандық тәжірибе көрсеткендей басшылардың өздері сүттен ақ, судан таза. Ал сойылдың бәрі өзгенің қолымен соғылады. «Айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылып» келді. ҚР Жоғарғы Сотының қаулысына сәйкес, егер делдал лауазымды адамға берем деп ақша алса, бірақ, лауазым иесі одан бейхабар болса, делдал алаяқтық жасап отыр, ал лауазым иесінің әрекетінде қылмыс құрамы жоқ боп шығады. Осыны пысықайлар жақсы пайдаланады. Оның үстіне, қолма-қол парамен емес, басқа да жолдармен жемқорлық жасауға болады. Оның бәрін бірінші басшы болып тұрып, қалай байқамауға болады? Тіпті, өзінің дым қатысы жоқ болған күннің өзінде, қол астындағы тікелей бағынышты, үзеңгілес әріптестерінің былыққа батуы бастықтың ұйымдастыру шараларын дұрыс үйлестіре білмегендігін көрсетеді. Осының өзі орын босатуға себеп. Сондықтан, тек, қолдаймын!