Weekend

Адасқандар

Мистикалық әңгіме

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

—Бүгінгі кештің ауа райы жайма шуақ екен. Түнде жылы болатын секілді, – деп сөзін бастады Ербол. Батып бара жатқан күн сәулесіне көзін сығырайта бір қарап. — Жолға шығуға тиімді екен. Дегенмен де жол таңдамайтын көлікпен жүрміз емес пе? Еш қиындық жоқ, тегіс жол тек түнде ояу болсаң болғаны.

   —Ояу деймісің, көктем уақыты не боларын кім біледі. Таң атақан да шықсақта жетіп жатыр, жол да алыс емес. Төрт-бес сағатта таңғы күн нұрымен бойлай жетіп-ақ барамыз бұл ойыма қалай қарайсың Ербол?—деп еді. Қайраттың сөзге араласқанын ұнатпады ма, әлде үлкендігін білдіргісі келді ме. Ерболдың қабағы қатуланып тарс түйілді.

  —Сен менен үлкенбісің жоқ әлде артық оқып қойдың ба, бірінші колледжіңе түсіп ал, түсіндің бе?—деп Қайраттың екі жыл қатарынан колледжге де түсе алмағанын бетіне салық қылып басты.

   —Жарайды Ербол болды осы да жетеді. Қазір-ақ шығамыз. Сенің сөзің заң, мен тек...—Қайтартың сөзін аяқтатпастан Ербол дауысын ақыра сөйлеп.

    — Не сен тек... Ойың ба? Ойың қабылданбайды. Көлік менікі, яғни таңдау да менікі, бұйрық та менікі. Ал сенікі бұйырықты орындау, айтқаныма бағыну, ұқтың ба?

   —Жарайды, ұқтым, ұқтым...

    Кешкі ас ретінде жолға дайындап алып шыққан астарын қарын қампайта тойып алды да, көлікке жайғасты. Бұл кезде күн қыр асып ұясына батып, іңір болған кез еді. Көктем айында күн жер бетінен жоғалысымен-ақ қараңғылық сезіле бастайды. Көлікте көңілді әуен қойылуда тас жолмен көлік жүйткіп келеді, мәреге асыққан сәйгүліктей бұлтарыс жоқ.

   Арада бірер сағат уақыт өтті. Жол ойқы-шойқылана бастады. Ербол аң-таң ішінен "адастым-ау" деген ой сумаң ете қалды. Бірақ Қайратқа сыр бермеуге тырысты. Өзінен төменсіп айтқанын тыңдамай жолға шықты, енді мына жәйтты айтса мысы басылып ұялатыны анық.

   Қайрат іштей Ерболдың жолдан жаңылысқанын сезіп келе жатқан еді. Білмеген адамша кейіп танытып отыра берді. Кенет  Ербол Қайратқа қарап:

   —Қайрат той қашан? – деді жүзіне күлкі шырайы еніп, астарында сөзге айналдыру үшін. Адасқанымды сездірмеймін деген үміт еді.

   —Той болады ғой, Ербол бірінші аман-есен жетіп алайық сосын көре жатармыз.

   Дәл осы сәтте Ерболдың күлкісі сап тиылып, қабағын тарс түйе сынай  сөйледі. Ішінен біреу "жасырғаныңды біліп қалды ма, қалай?" деп үн қатқандай болды.

   —Немене жетпеймін деп қорқып отырмысың. Әлде мені адасты дегің келді ме? Соңғы сөзді айтуын айтса да, айтқанына іштей өкінді.

   —Жоға Ербол. Адасқанымызды, сенің басқа жолға түсіп кеткеніңді екеуміз де жақсы білеміз. Мен барар жолмен талай жүргенмін, бес саусағымдай білемін, мұндай ой-шұңқырлы жол жоқ тұғын.

   —Осы сәтте көлік кілт тоқтады. Ербол әдейі тоқтаты ма, керсінше көлік істен шықты ма о жағы белгісіз. Көлік есігі жұлқып ашылды. Бұлқан-талқан болған Ербол ашуды ерттеп мініп Қайратқа "түс, тез көліктен" деп жекіре сөйледі.

     Еш нәрсені ұқпаған Қайрат көлік есігін аша бергені сол-ақ екен. Желке тұсынан бір соққы тиді. Жерге домалай құлады. Дала тас қараңғы екеу ара төбелессе де ажыратып алар ешкім жоқ.

    Киімінен жұлмалап тартқылай сүйреп қайта көлікке жайғастырды.

  —Қайрат ренжіме сен көп сөйлеп кеттің, мені білесің көп сөзді ұнатпаймын. Ең құрымағанда ауызыңды жабайын дедім.

     Қайратқа соққы бәлендей қатты тимеді. Бірақ Ерболға қиналған киіп танытты. Тағы кедір-бұдыры аралас жол. Көлік ішінде жеңіл әуен сайрап тұр. Далада меңіреу тыныштық. Аспаннан жарық жұлдыздар шоғырланған қыздардай жымың қағады.

 

         *  *  *

 

     ... Ой-шұңқырлы жолмен сандалып жүрген де таң да атты. Межелі жердің өзі тұрмақ, ныспысы да көрінер емес. Көк жиектен алтын сәулелі күн, нұрын шашып шығып келеді. Табиғат ана ерекше бір күйге енгендей. Қара түнек кетіп, жер әлемге мәңгі өшпес, көптен күткен шамшырақ жанғандай. Барлығы анық, көз қызықтырарлық деңгей де көрінуде. Болмашы қырбық қарға жанасқан күн сәулесі тамаша көрініс. Қарай бергің келеді.

   —Қайрат көліктен түсіп шамалы, бой жазып алсақ, аяқ талды дегендей.—деп Қайратқа қарап еді.

   —Ербол су бар ма? Су, су берші, қаталап барамын. 

   Не болғанын түсінбеген Ербол, басында не істерін білмей абдырап тұрып қалды.

  —Қазір сәл күте тұр қарап көрейін. Шыда, шыда.— деп көліктің артқы багажын ашып еді. Ешқандай да су жоқ, әрі қарады, бері қарады. Қара судың бір тамшысын да таба алмады. Тек көлік құралдары. —Барлығын қарадым, су алмаппыз. Қайрат сабыр сақтап шыдап көрші аз қалды жетуге, аз қалды.

    —Ербол сен қателестің бұл басқа жаққа баратын жол. Осы жерден ауылға дейін әлі бір күндік жол бар. Мен оған дейін шыдай алмаймыы...ы...н.—деді де Қайраттың дауысы қырылыңқы үнмен шықты.

   —Қателесесің, Қайрат қателестің. Бір амалы болар сабыр сақта,—деп еді. Кенет көзі алдыңғы орындықтың ортасында қылысып жатқан құтыдағы суға түсті. Пенде тосын жайтқа тап болған да не істерін білмей қалады деп топшылады ішінен. Жалма-жан қолына алып Қайратқа ұсынды. 

    Қайрат қолы дір-дір етіп суды ішіп жатыр, ішіп жатыр. Бір кезде ернін судан босатты.

  —Енді болмағанда менің мәйітімді сүйрер едің, – деп қалжыңдап миығынан мырс ете бір күлді. 

    Ары қарай сөзін жалғап:

   —Жылжыймыз ба?

   —Әрине, жылжыймыз. Сен суға тойдың, мен таза ауаға тойдым. Маған осы да жеткілікті. 

   Көлікті оталдырып көріп еді, оталмайды. Тағы көріп еді, міз бақпайды. Арлы-берлі әурелеумен бесін уақыты таяды. Көмек сұрамақ болып бір неше мәрте дауыстады, жапан дала тірі жан иесі көрінер емес.

   ...Күн қоңырайып бар үміт отын өзімен бірге алып барады. Семіп ұясына қимай қоштасу үстінде. Бұлттарға жайылы түскен күн шапақтары таң ата тағы келеміз дегендей ишартты білдіреді.

   —Ербол көлікке кіріп отырайық. Қазір көктем мезгілі қасқыр болуы мүмкін. Иен жазық даладамыз дегендей.

    —Қайрат сен мені қасқырдан қорқады деп тұрмысың. Мен қасқырды көрсем бірден...– дей бергені мұң екен қызыл көзді ит пішіндес бір мақлұқ екеуіне қарай жақындап келеді. Мені байқамасын дегендей адымын ақырын басады.

    Бірден көлікке қарай жүгірді. Екеуінің құтылмақ екенін сезген мақлұқ бұларға қарай жылдамдығын үдете түсті. Бақыттарына орай көлікке кіріп, есігін жауып үлгерді. Көлік терезесінің қасына келіп тырналай бастаған да білді қасқыр екенін. Сүт пісім уақытта тырналау сап тиылды.

   —Көрдің бе Қайрат, менің батылдығымнан қорқып кетті қасқырың. Көрсетейін мен оған, —деп қолына кешегі Қайратқа сермеген ұзынша таяғын алып далаға шықты.

    Арлы-берлі зер салып қарап еді еш нарсе көрінбеді. Бұрылып көлікке мінгелі жатқан мезетте, көлік қаптарын да бұқпантайлап жатқан қасқыр шап беріп талай бастады. 

   —Қайрат көмектес Қайрат, Қайрат,—деп көмекке шақырған Ерболдың дауысы түн тыныштығын бұзды. 

    —Қазір шыда, шыда міне, міне. 

  Қолына қорқытуға құрал іздеп Қайрат біраз кешігіңкіреп қалды.

   ...Әлден уақытта дыбыс мәңгіге сөнді. Бірақ Қайраттың құлағынан кетер емес, жаңғырып тұр.

   Бір адамды жегеніне тоймағандай қасқыр Қайратқа қарай ұмтылды. Бақытына орай тез қимылдап есікті жауып үлгерді...

   Қайрат түнімен ұйықтай алмады. Ойынан Ерболдың жан шошырлық зарлы дауысы жаңғырып кетер емес. Кірпігі сәл ілінсе, қараңғы көлік ішінен сол дауыс жан-жағынан жапа тармағай маза бермейді... 

  ...Тағы да нұрын төгіп жарық күн аспанға көтіріліп келеді. Бірақ бұл жолы табиғаттың сұлулығын біреу бұзғандай. Сұрықсыз, көңілсіз, мұңлы бейне де. Көлік терезесінен түндегі дыбыс шыққан жаққа қарай қараған Қайрат. Адам көргісіз қызыл ала қанды көрді. Көлік айналасы толған қан... "Мұны көргенше көзім неге соқыр болып қалмады" деп өз-өзін жұлмалап жазғыра бастады. 

    Үмітсіз шайтан деген оймен Қайрат қолы дір-дір етіп көлікті қыздырып көріп еді, дауысы жер жарардай "гүр" ете қалды. Мүмкін емес кеше ғана тұтқырланып от алмаған бүгін қалайша? Ойын жауапсыз сан сұрақ қаулап. Ой-шұңқырлы жолмен  көлік ұзап барады, ұзап барады...

 

                              Бибіт НҰРМҰХАН