Weekend

Қазақ тілді Фейсбуктегі фейк хабарламалар

"Құпиялылық туралы ескерту" фейк хабарламаларының қазақ тілді Фейсбук ортада өршіп кетуі жөнінде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жылдың желтоқсан айының екінші жартысынан бастап Фейсбук әлеуметтік желісінде, қазақ тілді Фейсбук тұтынушыларының арасында төмендегідей мәтінде хабарлама тарады.

"Кешеден бастап Фейсбукте сіздің фотосуреттеріңізді пайдалана беруге болатын жаңа ереже басталады. Ұмытпаңыздар, бүгін ең соңғы күн!

Бұл сот процестерінде сізге қарсы қолданылуы да мүмкін. Бір кездері сіз жариялаған фотолар қазір әркімге қолжетімді болып қалды. Тіпті жойылған фотолар мен тыйым салынған фотолар да. Сондықтан кейін өкініп жүрмес үшін ерінбей көшіріп, өз парақшаңызға салғаныңыз дұрыс. Бұл жөнінде, яғни, құпиялылық саясатының өзгергендігін №13 News каналы хабарлады.

Мен, Түгенше Түгеншеев Facebookты өзім ғана пайдаланамын және оны Facebook-ке қатысы бар басқа ешкімге де, оның ішінде фотолар, хабарламалар, басқа да ақпараттарды пайдалануға бермеймін. Бұрында да солай болған, алдағы уақытта да солай болып қала береді. Осы мәлімдемем арқылы мен басқалардың менің профилім арқылы маған тиісті ақпараттарды жариялауына, көшіріп басуына және өзіме қандай да бір зиян тигізетін басқа да әрекеттерге баруына тыйым саламын. Профилімдегі ақпараттар менің жеке меншігім және құпия болып табылады, оны бұзғандар Заңға сәйкес жазалануы мүмкін (UCC 1-308-1 1 308-103 және Рим статутына сәйкес).

Ескерту: Facebook енді жалпыға ортақ ұйым болып табылады, сондықтан барлық қатысушылар жоғарыда аталған осы ескертпені өз парақшаларында жариялауы тиіс. Егер сіз ең болмағанда бір рет те жарияламасаңыз, онда кез келген адам өз бетімен сіздің жаңартылған профилдеріңіздегі фотоларыңыз бен ақпараттарыңызды пайдалана беруі мүмкін".

Фейсбук қолданушысы ретінде елден қалмай жоғарыда баяндалғандай мәтіндегі хабарламаны мен де өз парақшама көшіріп салдым.

Енді қызықты қараныздар. Осы хабарламаны парақшама салғаннан соң, екі күннен кейін Фейсбуктың жаңалықтар таспасын парақтап отырсам, бір замандасымыз оңтүстік аймақтағы бір ауылда жасалған қар адамы – аққаланың фотосуретін өз парақшасына салыпты. Аққала жартылай еріп, қара жерге бейне бір белуардан кіргендей әсер қалдырады, «менің суретімді әрі қарай таратшы» деп сұранып тұрғандай . Фотосуреттің жоғарғы жағына осы суретті жариялаған замандасымыз: «UCC 1-308-1 1 308-103 және Рим статутына сәйкес бұл сурет менің ғана меншігім болып табылады. Суретті әрмен қарай тарату заңмен жазаланады» деген сынайдағы өктем жазба қалдырыпты.

Замандасымыздың осы бір өктем хабарламасындағы «UCC 1-308-1 1 308-103 және Рим статуты» осыншама астамсуға мүмкіндік беретіндей қандай ғана заң нормасы деген қызығушылығымды оятты әрі Ғаламтордың парақтарын шиырлауға түрткі болды.

Нәтижесінде «UCC 1-308-1 1 308-103 және Рим статутына» қатысты орыс тілді сайттарда көптеген ақпараттар табылды және де мұндай хабарламаның пайда болуы бүгін ғана емес, оның тарихы әлдеқайда ертеректен басталатыны айқындалды.

Сонымен бұл хабарлама ешқандай құқықтық негізі, заңдық күші жоқ фейк хабарлама болып шықты.

Хабарлама Фейсбук тұтынушыларының парақшасында жарияланған жеке басқа қатысты мәліметтерді қорғау және басқа да ақпараттарды рұқсатсыз көшіріп таратуды алдын алады деген желеумен 2008 жылдары осы Фейсбук әлеуметтік желісінің отаны – Америка Құрама Штаттарында пайда болған екен.

Түрлі деректер бойынша бұған түріткі болған оқиға ретінде Фейсбук компаниясының бұқаралық компания ретінде танылып, акцияларының IPO арқылы ашық сатылымға шығуы, сондай-ақ Фейсбук компаниясының ақпараттық саясатының өзгергендігі мыс деп атап көрсетіледі.

Ең алғаш рет осындай мазмұндағы фейк хабарлама 2009-2010 жылдары ағылшын тілді Фейсбук алаңда пайда болған. Көп ұзамай мазмұны осыған ұқсас, мәтіні аз ғана өзгертілген фейк хабарламалардың жаңа толқыны 2012 жылы ағылшын тілді Фейсбук ортада қаптап кетті. Осыған орай америкалық ABC News телеканалы 2012 жылы қараша айында фейк хабарламаны әшкерелеп арнайы репортаж жасаған екен.

«Қап, әттеген-ай! Мына хабарламаны парақшама салып ұятқа қалған екенмін ғой» деп қатты өкінбесеніздер де болады. Бәріміз де пендеміз ғой, сондықтан да қателесеміз. Мұндай қателіктің көптеген мысалдарын келтіруге болады. Мәселен, сол америка жұртынан да.

Құпиялықты қорғау деген желеумен Фейсбук ортада туындаған фейк хабарлама сондай-ақ вирусты хабарлама болып шықты. Көп ұзамай мұндай хабарламалар америкалық «Instagram» және де 2014 жылдан бастап ресейлік «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінде пайда бола бастады.

Құқықтық сауатты деген АҚШ-тың өзінде 2012 жылдары әлемге әйгілі актрисалар Джулия Робертс пен Джуллиана Мур, актер Тревор Ноа, музыкант Ашер, рэпер Waka Flocka Flame, тіпті АҚШ-тың экс энергетика министрі – Рик Перри өздерінің Инстаграм парақшаларында жоғарыдағыдай мазмұндағы фейк хабарламаларды жариялап, соңынан алып тастаған екен.

Интернеттегі фейк ақпараттарды әшкерелеуші америкалық Snopes сайты ABC News телеканалы репортажынан кейін 2012 жылы аталған мәселеге жан-жақты зерттеу жүргізіп, егжей-тегжейлі талдап, сайттың негізін қалаушы Давид Миккельсон мұндай фейк хабарламалар жеке басқа қатысты мәліметтерді қорғауға кепіл бола алмайтынын түсіндіре келе келесідей мәлімдеме жасады: «Кез келген адам Фейсбук компаниясының ақпараттық саясатымен келіспейтін болса, онда оның алдында екі жол бар: біріншісі -  оның Фейсбукқа тіркелмеуі, екіншісі – оның Фейсбук компаниясынан ақпараттық саясатын өзгретуін талап етуі».

Біздерге жақында ғана жеткен фейк хабарлама орыс тілді Фейсбук алаңда 2014 жылы пайда болды. «2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап Фейсбук компаниясының өзгертілген ақпараттық саясатына сәйкес, Фейсбук компаниясы тұтынушларының мәліметтерін үшінші тұлғаларға береді екен мыс» деген сыбыстың әсерімен орыс тілді Фейсбук орта фейк хабарламаны жаппай көшіріп тарата бастады. Осыған орай, Фейсбук компаниясының Баспасөз қызметі аталған ақапарттың жалған екендігін, сондай-ақ нақты Фейсбук тұтынушыны идентификациялап айқындай алмайтын қатаң қадағалай отырып, жарнамалық, зерттеушілік және сараптамалық компанияларға шектеулі ақпараттар беретінің түсіндірді.

Жоғарыда атап өткеніміздей, фейк хабарлама қаншама жерден әшкереленіп жатқанына қарамастан, вирустық – өміршен хабарлама болуымен таңдандырады. Мәселен, мұндай фейк хабарламалардың толқыны 2015 жылы және 2016 жылы өршіп кеткендігін ағылшындық «The Guardian» газеті атап өткен. Сол уақыттан бері фейк хабараламалар жылына екі (жылдың басы және соңы) рет алдымен ағылшын тілді, соңынан орыс тілді Фейсбук ортада таралып отырған.

«Facebook менің фотографияларымды қолдана ала ма?» деген Google жасаған сұраулардың сатистикасынан біз фейк хабарламалардың таралуы 2008 жылдың басында, 2019 жылдың күз айларында, 2012 жылдың желтоқсан айында, 2015 жылдың күзінде шарықтау шегіне жеткенін көреміз.

Мәселенің құқықтық жағына тоқталатын болсақ, фейк хабарламалардың құқықтық салмағы мен заңдық негізін арттыру үшін түрлі заң нормаларына сілтеме жасалған.

Мысалы, 2008 жылдары фейк хабарлама ең алғаш пайда болған уақытта, хабарлама мәтініңде шын мәнінде өмірде жоқ «Бернер конвенциясына» сілтеме жасалған. Бәлки, бұл «Берн конвенциясы да» болуы мүмкін. Алайда бұл құжаттың Фейсбуктың ақпараттық саясатына ешқандай да қатысы болуы мүмкін емес.

Бүгіндегі таратылып жатқан фейк хабарламаларда «Бернер конвенциясының» орынына «Рим статуты» деген халықаралық құқытық құжатқа сілтеме жасалады. Бұл құжат 1998 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы алқауымен Дипломатиялық конференцияға қатысушы уәкілетті өкілдерінің Халықаралық қылмыстық сотты құруға байланысты шығарылған қортынды Акт болып табылады. Яғни, осы құжаттың негізінде Халықаралық қылмыстық сот геноцидке жауапты тұлғаларға қатысты жұмыс жасайды. Мәселен, осы құжаттың негізінде Ливияның басшысы Муаммар Каддафиге, судандық диктатор Омар әл-Баширге қатысты өкім шығарылған. Тағы да байқағандарыныздай Фейсбук ақпараттық саясатымен ешқандай байланыс жоқ.

Ал енді бір қарағанда түсініксіз, алайда салмақты көрінетін  «UCC 1-308-1 1 308-103» нормаларына сілмете жасау өте күлкілі болып табылады екен. Себебі, бұл американдық сауда қатынастарын реттейтін құжаттың бір нормасы. UCC аббревиатурасы - Uniform Commercial Code деген сөздерден құралады, яғни АҚШ-тың Бірыңғай Сауда Кодексі деп аударылады, ал 1-308-1 1 308-103 цифралары барлық құқықтар қорғалған деген мағынадағы кодекстағы норма. Кезекті мәрте, жоғарда көрсетліген норма Фейсбук компаниясының ақпараттық саясатымен қабыспайтының көреміз.

Осы ретте, Фейсбуктағы менің жеке басыма қатысты мәліметтер жеткілікті дәрежеде қорғалған ба, Фейсбукқа жариялаған постарыма қатысты менің авторлық құқығым сақталады ма, Фейсбук менің жеке басыма қатысы мәліметтерім мен осында жариялаған ақпараттарымды шын мәнінде қолдана алады ма деген сауалдар көкейімізде туындайды. Осыларға жауап беріп көрсек.

Ағылшындық «The Guardian» басылым атап өткендей, біздер Фейсбук және кез келген басқа да әлеуметтік желілер мен онлайн-дүкендерге тіркелген уақытта сол желілер мен онлайн-дүкендердің тұтынушыларына арналған шарттарын қабылдаймыз.

Осыған орай, Фейсбук компаниясы шын мәнінде Сіздің өз парақшанызда бұқаралық түрде жариялаған фотосуреттеріңізді, түрлі ақпараттарыңызды кез келген шарттармен кез келген мақсатта қолдана алады. Осыған байланысты жеке бастың мәліметерінің құпиялығы, авторлық құқық туралы заңның нормаларына сілтеме жасап, пост, хабаралама, коммюнике жасауыныздан еш нәрсе өнбейді. Себебі, Сіз әуелден Фейсбук әлеуметтік желісіне тіркелген уақытта оның шарттарымен келісіп, қабылдағансыз. Тіркелген уақытта Фейсбукпен жасаған келісімінізде: «Сіздің құпиялылықпен байланысты әлеуметтік желідегі баптауларынызды ескере отырып, Сіз бізге Фейсбукке жариялайтын эксклюзивті емес, иеліктен шығарылатын (отчуждаемые), сублицензияланатын барлық контентті тегін қолдануға бізге құқық бересіз» деп тайға таңба басылғандай айтылған.

Ал құпиялылық саясатының бұл мәселеге мүлдем қатысы жоқ. Ол Фейсбук шарттарының 2 тармағында егжей-тегжейлі жазылған.

Жоғарыда көрсеткеніміздей, Фейсбук Баспасөз қызметі тұтынушылар тарапынан жүктелетін барлық мәліметтер жинақталып, сарапталатының, алайда мұндай ақпараттардың тұтынушыға зияны тимейтінің, яғни нақты дерек көзін аңықтап, сол ақпараттарды жариялаған адамды аңықтауға мүмкіндік бермейтінін, оның анонимді болып қалатынына кепілдік беретінің мәлімдейді. Сондай-ақ, Фейсбукты қолданушы кез келген тұтынушы арнаулы баптауларды (настройка) қолдану арқылы өздері жариялған ақпараттарға иелік етіп, басқаратының және бақылау жүргізетінің атап өтеді.

Сонымен қатар, Фейсбук компаниясы өзінің тұтынушыларының авторлық құқығының бұзылмауын қадағалайтының да айтуымыз керек. Мәселен, Сіз Фейсбукке жарияланған кез келген ақпаратты репост жасағанда, осы ақпаратты ең әуелгі жариялаған автор көрініп тұрады, бұл бөтен адамдардың туындылары мен шығармаларын еркін және тегін қолдануға байланысты авторлық құқық заңнамасының нормаларының сақталуына мүмкіндік береді.

Ал енді Замандас, «UCC 1 1-308-308 1–103 және Рим Статуты» тәрізді фейк хабарламаларды Фейсбук парақшанызға жариялап, одан әрі тарату, яки білместіктен осының алдында жариялған фейк хабраламанызды парақшаныздан алып тастау өз еркінізде.

Сонмен қатар, осы мәселеге қатысты қазақстандық кәсіби заңгер мамандар терең талдау жүргізген мақалалар берсе, отандық Фейсбук және өзге де әлеуметтік желі тұтынушылары үшін тамаша болар еді.

Пайдаланған дерек көздері:

1. https://thebell.io/ya-ne-dayu-facebook-razreshenie-istoriya-fejka-ob-avtorskih-pravah-i-realnost/

2. http://www.lirospain.com/ru/novosti/38-novosti/pohojie-materialy/164-politika-konfidencialnosti-facebook.html

3. https://vc.ru/flood/5905-vk-and-law

4. https://birdinflight.com/ru/novosti/20190822-rome-statute.html