Саясат

Жапондар КСРО-ның дәрігерлерінен қатты қорыққан. Неге?

Әскерінен емес дәрігерінен қорыққан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жапон әскери тұтқындар кеңес әскерлерінен емес, медбикелерінен неге қорықты?

Екінші дүниежүзілік соғыс - адамзат тарихындағы ең үлкен соғыс. Ол бүкіл Еуропаны, Азияны, Африка мен Мұхитты жұтып қоя жаздады. Бүкіл әлем Батыс және Шығыс майданға бөлініп, бір-бірімен қырылысты. Бұл соғыс кейбір саяси мәселелерді тиімді жағынан шешіп, әлемді реттеп бергенімен, оның зардаптары қарапайым адамзат үшін өлшеусіз болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың экономикалық шығындары 500 миллион доллардан асқан екен. Мұндай сома - кез келген елдің қысқа уақытта дамуына, үлкен серпіліс жасауына жеткілікті сома еді. 

Егер Бірінші дүниежүзілік соғыстың пайда болуына капиталистік жүйеде болған дағдарыс пен әлем байлығын бөлісу үшін күрестен басталса, екінші дүниежүзілік соғыс таза экономикалық дағдарыстан пайда болды. Өйткені Гитлердің империалистік пиғылына батқан Германия экономикалық дағдарысқа ұшырап, империализмді дамыту үшін капитал тарту үшін соғыс бастады. 

Ал Жапонияның Қытайды басып алып, АҚШ-қа қарсы соғыс ашқанын бәріміз білеміз. АҚШ та жапондардың соғысқа құмартып отырғанын сезіп, оларға мұнай бермей қойды. Өйткені сұйық отынсыз жапондардың әскери техникалары құр темір-терсек болып қалар еді. Мұны түсінген Америка да Жапонияға мұнай сатудан бас тартты. Кейін соғыста жеңу үшін Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына қуатты қос бомба тастап, жермен жексен етті. Жапония жеңіліп, келісімге келуге мәжбүр болды. 

Осы уақытта батыстан басып кірген кеңес әскері Жапонияның солтүстік-шығысындағы әскерін талқандап, аман қалған сарбаздарын тұтқынға алды. Сонда АҚШ, КСРО және Қытай осы әскери тұтқындарға не істеді?

Бұлардың арасында тұтқындарға жақсы ниет танытқан Қытай ғана болды. Олар тұтқынға түскендерді елін аман-есен қайтарды.

Ал Америка ше? Америка тұтқынға түскен жапондарды аямай жұмысқа жекті. Америкада қалған жапондардың жақсы нашар-тұғын. Күніне он сағаттап жұмыс істеп, аштықтан тарыққан жапондар зорлыққа шыдамай шетінен қырылып қалды. 

Алайда кеңес одағының істегені бұдан да өткен зорлы еді. Ызаға булыққан Сталин жапондарды Сібірге жер аударып сонда жұмысқа салды. Тек ауру жапондарды ғана еліне қайтарды. Өйткені кеңес одағы оларды емдеуге шығындалғысы келген жоқ. Сондықтан жапондар өзінің ауру екенін білсе қуанатын. Еліне қайтатын. Ал дені сау болса, Кеңес одағында қалады. Осыдан қорыққан жапондар кеңестің әскерінен емес, медбикелерінен қатты сескенген екен. 

Өйткені жапонның ауру не ауру емес екенін сол дәрігер ғана айтады. Бекітіп береді. Сондықтан да жапон сарбаздары үшін медбикелердің шешімінен асқан қорқынышты нәрсе болмады. Егер медбикелер тұтқынның ауыру емес екенін айтқан жағдада, жапондар кеңес сарбаздарының қысымына түсіп қана қоймай, өз Отанына мәңгіге орала алмайтын еді.